Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызмет ету аймағында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа "Мүлдем төзбеушілік" акциясының бесінші кезеңі өтті. Үш күнге созылған іс-шара кезінде  полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сай ұсақ бұзақылық жасаған 3 азаматты, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластаған және қоғамдық орында спиртті ішімдік ішіп отырған және  темекі тартқан адамдарды анықтаған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары темір жолдың белгіленбеген  жерінен өткен 16 адамды,  вагон терезелерінен қоқыс тастағаны немесе жүріп келе жатқан пойыздың есігін ашқаны үшін 2 азаматқа хаттама толтырған. Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзған 2 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Шахизат Сарина