ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады

Жаңалықтар
03.08.2026, 12:17
Фото авторы: Любовь Негембелева

Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімшелері мен теміржол көлігі объектілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде мемлекеттік қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша екі күндік семинар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараны ҚТЖ мен Алматы облысы ТЖД бірлесіп ұйымдастырды. Оған ҚТЖ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері, азаматтық қорғау жөніндегі мамандар, мемлекеттік органдардың өкілдері және өрт қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар қатысты.

Қатысушылар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нормативтік базаны жетілдіру, кадрлар даярлау және жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

Қазақстан өрт сөндіру бөлімінің ардагері, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Руслан Жұмағалиевтің айтуынша, қызметкерлерді даярлау деңгейін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін дамыту өрттердің алдын алудың және төтенше жағдайларға тиімді ден қоюдың маңызды шарттары болып қала береді.

В учениях участвовали подразделения ДЧС, пожарный поезд станции Алматы-1, сотрудники военизированной железнодорожной охраны, линейной полиции, медицинских служб и работники железной дороги.

Персоналды жүйелі даярлау ҚТЖ басымдықтарының бірі болып табылады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияда және еншілес ұйымдарда 21 мыңнан астам қызметкерді қамти отырып, 9 мыңнан астам өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша 473 оқыту ұйымдастырылып, 4,9 мыңнан астам адам оқудан өтті. ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп 131 оқу-жаттығу өткізілді.

Семинардың тәжірибелік бөлігі «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Южный» филиалының техникалық паркі аумағында өтті. Оқу-жаттығуға ТЖД бөлімшелері, Алматы-1 станциясының өрт сөндіру пойызы, Әскерилендірілген теміржол күзетінің, желілік полицияның, медициналық қызметтердің қызметкерлері және теміржол қызметкерлері қатысты.

Сценарий бойынша жолаушылар вагонында өрт шықты. Қатысушылар өртті анықтауды, шұғыл қызметтерге хабарлауды, жолаушыларды эвакуациялауды, алғашқы көмек көрсетуді және барлық қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтады. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша шартты өрт сәтті жойылды, ал бөлімшелердің бірлескен іс-қимылдарға дайындығы оң бағаға ие болды.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты