«Жүк тасымалының» жетістігі

Жаңалықтар
04.08.2026, 10:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де теміржолшылардың төл мерекесіне орай үздік сала мамандары марапатталды. Жиынды серіктестіктің бас директоры Асан Үмбетов құттықтау сөзбен ашып, жүк тасымалының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жүрген теміржолшылар қандай марапатқа да лайық екенін жеткізді.

– Бүгінгі таңда біздің ең үлкен жетістігіміз – жүк айналымының көрсеткіші, осы жылдың алты айында ол 140 млн тонна ткм неттодан асты. Осы нәтижеге қол жеткізуде қарапайым еңбек адамдары, нағыз теміржолшылардың үлесі зор. Ел экономикасының күретамыры саналатын теміржолшы деген беделді мамандық иелерінің бәрін төл мерекемен құттықтаймын, – деген серіктестік басшысы жалпы теміржолда атқарылып жатқан ірі жобаларға тоқталып өтті.

Мереке қарсаңында 16 теміржолшы, соның ішінде Жаңаарқа локомотив пайдалану депосының машинисі Олег Ложкин, Қарағанды локомотив пайдалану депосы бастығының эксплуатация бойынша орынбасары Талғат Абенов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Отын ресурстық орталығы» филиалы Өскемен отын қоймасының бастығы Қанат Оспанов «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие болды.  

Одан әрі теміржолшылар «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен, Компания Басқарма төрағасының Алғыс хатымен, «ТЖЫҰ-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» мерейтойлық дипломы және ТМД қатысушы мемлекеттері теміржол көлігі бойынша Кеңесінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ бірқатар азаматтар «Жас үздік маман» атағымен, «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Серіктестік директоры атынан марапатталғандарға арнайы қол сағаттар тарту етілді.  

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті