Ерен еңбектері еленді

Жаңалықтар
04.08.2026, 10:49
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының директоры Владимир Викторович Петров әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Атап айтқанда, филиал директорының шұғыл жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары Ербол Түсіпов теміржолшылардың жоғары мәртебелі атағы – «Құрметті теміржолшы» белгісімен, АЦУП Бағыттар бойынша диспетчері Марат Темірбеков пен Вагон шаруашылығы департаментінің бас менеджері Самал Тәңірқұлова «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» төсбелгісімен марапатталса, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі Солтүстік РЦУП бөлімшесі бойынша кезекші Аманкелді Балқыбековке, Вагон шаруашылығы бас менеджерлері Дулат Бектұров пен Нұрболат Құлмағамбетовке, сондай-ақ «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісі Солтүстік РЦУП жылжымалы құрам және вагон шаруашылығы жөніндегі бөлімінің локомотив диспетчері Айзада Жүсіповаға, Вагон шаруашылығы департаментінің бас менеджерлері Жанар Божеева мен Қуат Қалиевке табыс етілді. Сонымен қатар дирекцияның бірқатар қызметкерлері Көлік министрлігі мен Ұлттық компания басшылығынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, Корпоративтік сағаттар алды.  

Бұл күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Біріктірілген жоспарлау дирекциясы» филиалынан салада жиырма жыл еңбек еткен дирекция директорының орынбасарлары Әліби Төлегенов пен Ғани Есенбаев та «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегерлері атанса, «Үздік мамандар» Құрмет тақтасы теміржол саласындағы еңбек өтілі 27 жылды құрайтын Жаңагүл Тұңғышпаеваның есімімен толықты. Ал филиалдың тағы екі қызметкері – Батырхан Тоқжұманов «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын, Қанат Бекеев Алғыс хатын алды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті