Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады

Жаңалықтар
07.08.2026, 09:33
Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Астана-1 станциясының вокзалын қайта жаңарту кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Нысанда шатырды, қасбетті, перронды және конкорс өткелін орнату жұмыстары жалғасуда, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ кәріз, сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, желдету және байланыс жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Қайта жаңартудан кейін вокзалдың ауданы 500 шаршы метрге ұлғайып, 8,7 мың шаршы метрді құрайды. Бұл жолаушылардың жайлылығын арттыруға және өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жаңартуға 255 маман және 12 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Астана-1 станциясының вокзалы 1990 жылы салынған. Кейінгі жылдары тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңартудан кейін вокзал заманауи, қауіпсіз және жайлы болады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа эскалаторлар, лифттер мен көтергіштер орнатылып, пандустар, ана мен бала бөлмелері, санитарлық бөлмелер мен күту аймақтары жабдықталады. Мобильділігі төмен жолаушылар үшін кедергісіз орта жасалады, тактильді навигация  және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ақпараттық тақтайшалар орнатылады.

Вокзалда заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, жолаушыларға қол жетімдікті бақылау және хабарлау жүйелері енгізілуде. Жаңа LED-экрандар орнатылып, дауыстық ақпараттандыру жүйесі, жиһаз және технологиялық жабдықтар жаңартылуда.

Астана-1 вокзалын қайта жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жоба елдегі 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасына кіреді, оның мақсаты вокзалдарды заманауи, қауіпсіз, қол жетімді және жолаушылар үшін ыңғайлы ету.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және әкімдіктердің қолдауымен өз қаражаты есебінен іске асырады.

Астана-1 станциясының жолаушылар ағыны 2026 жылдың жеті айында 1,8 млн адамнан асты. Оның ішінде 908 мыңнан астамы елордадан жолға шығып, 977 мыңнан астамы Астанаға келді.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды