ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады

Жаңалықтар
10.08.2026, 10:43

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-да «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде заңнаманы ұстану, қауіпсіздік және жүктердің сақталуы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің, Бас көлік прокуратурасының, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС орталық аппаратының және филиалдарының өкілдері қатысты.

Астана қаласы Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов теміржол жүк тасымалы саласындағы даулар бойынша сот практикасын назарға ұсынды. Еңбек заңнамасын қолдану, еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелері жеке қаралды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Алан Алмұханбетов ЖШС-ның құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

Қатысушылар сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимыл, бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады. 

Ашықтықты арттыру және құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту үшін тасымалдау процестері цифрлық форматқа ауыстырылатыны атап өтілді. Республикаішілік қатынастағы құжаттарды электрондық ресімдеу үлесі 99,7% жетті. Көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен электрондық деректер алмасу дамуда.

Кездесу қорытындысы бойынша заңдылықты нығайту, қауіпсіздікті арттыру және жүк тасымалдарындағы цифрлық шешімдерді дамыту бойынша одан әрі шаралар айқындалды.

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды