Құрметті демалысқа шығарып салды

Жаңалықтар
11.08.2026, 09:09
Суретті түсірген Райхан РАХМЕТОВА
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұма күні теміржолшы қауым Құрметті теміржолшы Алма Сәулебаеваны құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Салтанатты іс-шараға сансыз гүл шоқтарын құшақтап келген әріптестері салаға отыз бес жыл еңбегі сіңген жанға құрмет көрсетіп, қимастыққа толы ізгі тілектерін арнады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Алма Тұрарқызымен көп жыл бірге жұмыс істеп, Достық станциясын, Никельтау жолын, Жезқазған-Тассай-Бейнеу теміржол магистралін ашқан жылдардан естелік айтты. Өте жігерлі, еңбекқор жанның бүкіл ұйымдастырушылық жұмыстарды жалғыз атқарып, тек алғы шепте жүретін қасиетін ерекше атап өтті.  

– Ұлттық компанияның өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін ҚТЖ басшылығы және өз атымнан зор алғысымды білдіре отырып, лайықты демалысыңызда деніңіз сау болып, сәнді де мәнді өмір сүруіңізге шын жүректен тілектеспін, – деп ақжарма тілегін білдірді Марат Арапбекұлы.  

Салтанатты жиында сөз алғандар да естеліктерімен бөлісіп, Алма Сәулебаевның кәсіби маман, мықты ішкі жаттықтырушы, тәлімгер ретіндегі жетістіктері хақында пікірлерімен бөлісті.  

1965 жылы бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келіп, қаржы-техникалық техникумын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген кейіпкеріміз, темір жолдағы еңбек жолын Тың темір жолында материалдық бухгалтер болып бастаған екен. Жылдар тезінде түрлі қызметтердің тізгінін ұстап, еңбек етумен қатар уақыт ағымына қарай білім-біліктілігін жетілдіре түскен Алма Тұрарқызы көп жылдар Локомотив шаруашылығы департаментінің есеп-қисап басқармасында, Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаментінде жұмыс істейді. Кейін компания дамудың жаңа бағытына қадам басқан кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесін трансформациялау жобасына қатысып, өзгерістерді басқару блогында қызмет етеді. Алма Сәулебаеваның Магистральдық желі дирекциясы сияқты компанияның ең ірі филиалдарының бірінде де өзіндік қолтаңбасы бар. Ол бұл филиалда Кадрлық және әлеуметтік жұмыс департаментінде жұмыс істеп, бөлім бастығынан бас менеджер деңгейіне дейін көтерілді. Көптеген әлеуметтік жобаларға қатысып, шалғайды аралаған әлеуметтік пойыздармен сапар шегіп, теміржолшылардың әл-ауқатымен, тұрмыстық жағдайымен жете танысты. Бұдан кейін ол «Жолаушылар тасымалы» компаниясында Адами ресурстарды басқару департаментін басқарды. Ал 2021 жылдан бастап Алма Тұрарқызы компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінде HR бизнес-серіктесі болып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарды. Оның теміржол саласында кадрлар даярлау, жас мамандарды бейімдеу және ішкі тренерлікті дамыту бағытында ерен еңбегі лайықты бағаланып, 2025 жылы республикалық «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінде жастарды кәсіби бағыттауға қосқан үлесі үшін «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды.  

– Алма Тұрарқызының корпоративтік даму бағытындағы еңбегі зор. Ол – ҚТЖ аясындағы «Білім экспресі», «Үздіктер алаңы» және «Жас Темір» сияқты жас мамандарды қолдауға бағытталған ірі әлеуметтік және HR-жобалардың модераторы әрі ұйымдастырушысы. Ішкі жаттықтырушы ретінде де керемет қабілетін көрсете білді. Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен білім алмасу жүйесін, яғни андрагогика негіздерін қалыптастыруға белсенді атсалысты. Біз үшін Алма Тұрарқызының орны бөлек, – деді Адами ресурстарды басқару департаментінің аға HR бизнес-серіктесі Әсел Ақтау. Құрмет көрсетіп жатқан әріптестеріне шын жүректен алғыс айтқан Алма Тұрарқызының құшағы гүлге толып, иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылды.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды