Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда

Жаңалықтар
13.08.2026, 08:18
Фото: Министерство транспорта Республики Казахстан

2026 жылғы 10–11 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанның көлік ведомстволарының өкілдері қазақ-қытай шекарасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылым нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жұмыс сапары екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Екі ел делегацияларын Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және Өзбекстан Республикасы көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров басқарды.

Жұмыс сапары аясында делегациялар «Алтынкөл» теміржол станциясына, «Кедентранссервис» терминалына, «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портына, сондай-ақ «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына барды.

Өзбекстан тарапына Қытайдан келіп түсетін жүктерді қабылдау, өңдеу және қайта тиеудің қолданыстағы тетіктері, Қазақстанның теміржол және терминалдық инфрақұрылымының мүмкіндіктері, сондай-ақ жүктерді халықаралық көлік бағыттары бойынша одан әрі жөнелтуді ұйымдастыру тәртібі іс жүзінде көрсетілді.

Жұмыс сапары барысында Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жүк ағынын ұлғайту, қолданыстағы терминалдық қуаттарды неғұрлым тиімді пайдалануға және бірлескен логистикалық шешімдерді дамытуға ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар тасымал көлемін ұлғайту, терминалдық инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жан-жақты пысықтауды жалғастыруға келісті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады