Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды

Жаңалықтар
13.08.2026, 12:50
Оқуға 1 мин

12 тамызда Қарағанды – Сұрыптау – Астана теміржол учаскесіндегі күзетілетін және реттелетін өткелде жол-көлік оқиғасының алдын алынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сағат 12:52 шамасында Volkswagen T4 автокөлігі ілінісу жүйесіндегі ақауға байланысты теміржол өткелінде тоқтап қалған. Сол уақытта өткелге салмағы 1,1 мың тоннадан асатын жүк пойызы жақындап келе жатқан.

Пойыз сағатына 76 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Жағдайды байқаған машинист шұғыл тежеуді қолданып, соқтығысудың алдын алды. Теміржол өкілдерінің мәліметінше, өткелдегі жылжымалы дабыл құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеген.

Теміржолшылар көлік құралын жолдан қысқа мерзім ішінде алып шығып, пойыз қозғалысын қайта жалғастырды. Оқиға салдарынан жүк пойызы 10 минутқа кешікті.

Оқиға туралы ақпарат Теміртау станциясындағы полиция бөлімшесіне берілді.

«ҚТЖ» компаниясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады. Мамандардың айтуынша, көлік құралы өткелде істен шыққан жағдайда жүргізуші барынша жылдам әрекет етіп, теміржол қозғалысына қауіп төндірмеуі қажет.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?