Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды

Жаңалықтар
17.08.2026, 09:06

Алматы облысының Іле ауданында «Kusto Logistics» компаниясының ірі көлік-логистикалық орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Мұнда жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу және тасымалдау қызметі атқарылады. 26,5 гектардан астам аумақта теміржол, контейнерлер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру орындары, автомобиль логистикасы мен басқару орталығын біріктірген заманауи мультимодальды кешен құрылды. Жылына 100 мың контейнер жүкті өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаға 28,1 млрд теңге инвестиция тартылды.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы әрі акционері Қанат Көпбаев, жобаға қатысқан компаниялардың өкілдері мен мамандар қатысты.

Марат Елеусізұлы логистикалық орталық тұрғындарды жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, салық базасының ұлғаюына және облыс экономикасының өсіміне оң әсерін тигізетін маңызды нысан екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту міндеттерін Үкімет пен әкімдіктердің алдына нақты қойып келеді. Осы бағытта Алматы облысында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгін пайдалануға беріліп отырған кешен еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде. Бүгінде Іле ауданының тиімді географиялық орналасуы, көлік дәліздеріне жақындығы және инженерлік инфрақұрылымының дамуы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда. Алматы облысының әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді. Әрбір жүзеге асқан жоба – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға қосылған игі үлес болмақ», – деді аймақ басшысы.

«Kusto Group»-тың құрылтайшысы және акционері Қанат Көпбаевтың айтуынша, компанияның құрылғанына биыл небәрі үш жыл болған. Соған қарамастан, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген.

«Қазақстандағы контейнерлердің шамамен 80 пайызы Алматы көлік торабы арқылы өтеді. Ал жүктердің едәуір бөлігі Қазақстанның солтүстік өңірлерінен келеді. Бұл терминал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын орталық болмақ. Яғни Алматы облысы арқылы импорт және экспорт жүктері өзге өңірлер мен көрші мемлекеттерге жөнелтіледі.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында транзит саласы қарқынды дамып келеді.

Қазақстан – Азия мен Еуропаны байланыстыратын табиғи көпір. Егер бұл мүмкіндікті толық пайдаланатын болсақ, транзит ел экономикасына мұнайдан да көп табыс әкелуі мүмкін», – деді Қанат Шоқанұлы.

Іс-шара барысында қонақтарға орталықтың жұмысы таныстырылып, алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты. Осылайша терминал алғашқы жұмысын бастады.

Логистикалық орталықта 45 тонна жүкті көтере алатын арнайы кран орнатылған. Ол сағатына 25 контейнерді қабылдай алады. Айына 111 мың тоннадан астам жүкті өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда кешенде астық терминалының құрылысы басталған. Бұл жұмыстар аяқталған соң 14 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сақтауға мүмкіндік туады. Жоба құрылысын EPC тәсілімен Coteccons KZ компаниясы жүзеге асырды.

Жаңа терминал Алматы облысындағы жүк тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, тауарды қабылдау, сақтау және әрі қарай жөнелту жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміздің сауда байланысын дамытуға, кәсіпкерлер үшін тасымал үдерісін тиімді ұйымдастыруға оң ықпал етпек.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды