Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты

Жаңалықтар
18.08.2026, 13:42

ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында еліміздің алты өңірінде — Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақмола және Маңғыстау облыстарында 23 теміржол учаскесінде және 20 станцияда профилактикалық рейдтер өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Акция «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Рейдтерге теміржолшылар, көлік полициясының, көліктік бақылау инспекциясының, прокуратураның қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысуда. 2 мыңнан астам жүргізуші темір жолдарды қауіпсіз кесіп өту ережелері туралы түсініктеме алды.

Жүргізушілерге ескертілуде: пойыздың тежегіш жолы 1000 метрге жетуі мүмкін, ал құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. Тыйым салу сигналы кезінде жолға шығу немесе жақындап келіп қалған пойыздың алдынан кесіп өтуге тырысу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Темір жол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 607-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Шымкент өңірінде профилактикалық рейдтер Бадам – Игілік, Шорнақ – Түркістан және Арыс-2 – Қалаш өткелдерінде, сондай-ақ Шағыр, Бадам, Шойтөбе, Састөбе және Қарақоңыр станцияларында өтті.

Қызылорда өңірінде акция Байгеқұм – 20–шы разъезд, Сексеуіл –Құрлық, Бесарық – Сауран және Сауран – Шорнақ өткелдерін, сондай-ақ Қазалы және Арал станцияларын қамтыды. Бесарық станциясының өткелінде 70 жүргізушіге қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Бұл өткел арқылы жалпы саны 10 мыңға жуық жақын маңдағы жеті ауылдың тұрғындары өтеді. Содан кейін акция Түркістан облысының шекарасында орналасқан Шорнақ станциясында жалғасты.

Ақтөбе өңірінде профилактикалық жұмыс он өткел мен станцияда өтті. Ақтөбе – Ембі аралығының Құдық – Жем учаскесінің өткелінде қауіпсіздік талаптары 87 жеңіл автомобиль және 45 жүк көлігі жүргізушісіне түсіндірілді. Бұл өткел жүгі ауыр көліктер қозғалысының  жоғары қарқындылығымен белгілі. Қандыағаш – Шұбарқұдық аралығы өткелінде 123 жеңіл автомобиль және 45 жүк көлігінің жүргізушісі нұсқама алды. Бұл учаске арқылы тәулігіне 32 жұп жүк және сегіз жұп жолаушылар пойызы өтеді.

Ақмола өңірінде акция Саумалкөл, Тайынша, Бурабай курорты, Макинка, Ақкөл, Шортанды және Төнкеріс станцияларында өтті. Макинка станциясы маңында 83 жүргізушіге қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Мұнда күн сайын 40 астам жүк және жолаушылар пойыздары өтеді, ал автомобиль ағыны тәулігіне 1,7 мыңнан 3,5 мыңға дейінді құрайды. Бурабай курорты – Жамантұз  аралығы өткелінде 37 жүргізуші қауіпсіз жол жүру ережелерімен танысты. Тағы бір өткелде –Янко – Саумалкөл аралығында ағымдағы жылдың жеті айында 130 жүргізушіге жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.

Атырау өңірінде акция Мұқыр, Мақат – 402–разъезд, Шоқпартоғай – Құлсары, Шоқпартоғай – 469–разъезд, Доссор, Майкөмген – 467–разъезд, Боранқұл – 465–разъезджәне Тұман – 16–разъезд  станциялары мен өткелдерін қамтыды. Маңғыстау облысында профилактикалық іс-шаралар Маңғыстау, Шетпе, Маңғыстау – Тамақ және Өзен станцияларында өтті.

Теміржолшылар жүргізушілерді өткел алдында жылдамдықты алдын ала төмендетуге, бағдаршам сигналдары мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жабық шлагбаумды айналып өтпеуге және тыйым салу сигналы кезінде жолға шықпауға шақырады. Сондай-ақ, көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланбау, қозғалыс аймағында озып кетпеу және келе жатқан пойыздың алдында жүруге тырыспау маңызды.

«Қауіпсіз өткел» акциясы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Профилактикалық жұмыс жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлық мәдениетін арттыруға және теміржол өткелдеріндегі апаттардың алдын алуға бағытталған.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?