Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Қызықты басқосу болды
Оқуға 1 мин
Жастар Отанға партиялық жобасы аясында«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының жанындағы «Жас Отан» ЖҚұйымдастыруымен Қызылорда темір жолының жастары өздерінің жерлестері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихпен кездесу өткізді.
Қандай да бір ресмиліктен тыс, былайша айтқанда «галстуксыз кездесу» жастардың емін-еркін әңгімелесіп, саясаттан бастап жеке өмірлеріндегі жаңалықтарымен бөлісуге дейін ұласқан қызықты бас қосу болды.Теміржолшы жастар саланы дамыту туралы өздерінің ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп, депутатпен ой бөлісті.
–Мұндай кездесулер біздің өзара байланысымыздағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға жақсы мүмкіндік туғызады. Мысалы бүгін,біз, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмастық, біздің мәселемен бес саусақтай таныс жерлесіміз Генадий Шиповских жастарды толғандырған мәселелердің шешілетініне сендірді, әрі жастар ұйымдарының жобаларын, олардың ұсыныстарын қарауды жергілікті құзырлы мекемелерге жеткізетіндігін айтты,- деді басқосуды ұйымдастырушылардың бірі «Теміржол» филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев.