Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
2026 жылғы 15-16 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Көлік апталығы аясында, XXIX «TransLogistica Kazakhstan 2026» халықаралық көрмесімен қатар, VIII «NEW SILK WAY» бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, көлік-логистика саласындағы бизнестің және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдерін біріктіреді.
Форумның іскерлік бағдарламасы ЕАЭО, ЭЫҰ және ТМД шеңберінде көлік министрлері мен бейінді органдар басшыларының кездесулері мен отырыстарын, сондай-ақ негізгі халықаралық көлік дәліздерін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ), Трансауған көлік дәлізін және «Солтүстік – Оңтүстік» ХКД дамытуға арналған іс-шараларды қамтиды.
Форумның негізгі іс-шарасы «Цифрлық Жібек жолы: жасанды интеллект және логистиканың цифрлық технологиялары» тақырыбындағы стратегиялық сессия болады.