Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясы жыл қорытындысы бойынша компанияның үздік кәсіпорындарының қатарына енді. Ұжым «Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Дистанцияда 220 маман жұмыс істейді. Олар Қостанай – Жаңаесіл, Қостанай – Тобыл және Қостанай – Золотая Сопка учаскелерінде белгі беру және байланыс құрылғыларына қызмет көрсетеді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тасымалдау процесінің тұрақтылығы олардың жұмысына тікелей байланысты.
Соңғы үш жылда Қаратомар, Шоққарағай және Вороненская станцияларында парктік дауыс зорайтқышты байланыс орнатылды. Бұл ақпараттың берілуін тездетіп, жұмыстың жеделдігін арттырды. Сонымен қатар, тағы сегіз станцияда жаңа дизель генераторлары орнатылып, екі станцияда ескірген жабдықтар ауыстырылды. Бұл шаралар белгі беру және байланыс құрылғыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Ұжым жұмысының басты нәтижелерінің бірі Қостанай – Босағаш учаскесінде жолды күрделі жөндеу кезінде кабельдік байланыс желілеріне зақым келмеуі болды. Жұмыс үш жылға созылды және қолданыстағы теміржол инфрақұрылымында жүргізілді.
Бүгінгі таңда дистанция мамандары өңірдің теміржол учаскелерінде белгі беру және байланыс жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, жабдыққа қызмет көрсетуді және жаңартуды жалғастыруда.