Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?

Жаңалықтар
15.10.2026, 10:48
Оқуға 2 мин
Сурет: Үкімет сайтынан

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бір алаңға 40-қа жуық елдің салалық сарапшылары жиналды. Форумға Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Чехия мемлекеттерінен көлік ведомстволары басшылығы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, ірі көлік-логистикалық кәсіпорындар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көлік саласының өсуі 7,2%-ды құрады. Сала көшбасшылар қатарына кіреді. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша инфрақұрылымдық инвестицияларды сауда рәсімдерін жеңілдетумен және шекарадағы кідірістерді қысқартумен ұштастыру елдердің ЖІӨ-ін шамамен 15%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов көлік-логистика саласының ЖІӨ құрылымындағы маңыздылығын және мемлекеттің оның ел экономикасындағы үлесін ұлғайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамытуды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Заманауи көлік инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге, инвестициялар тартуға, жаңа өндірістер құруға және мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Кейінгі 7 жылда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделсе, 5 жыл ішінде 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылды. Шекара маңындағы, теңіз және әуежай инфрақұрылымы дамып келеді. Авиациялық қауіпсіздік деңгейі 95,7%-ға жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 18%-ға ұлғайып, 39,1 млн тоннаға жетті. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2035 жылы теңіз порттарының өткізу қабілетін 4 есе, флот қуатын 5 есе арттырып, транзиттік тасымал көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Премьер-министр қатысушылардың назарын халықаралық логистиканы ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру және Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәліздерінің, Транскаспий бағыты мен болашағы зор Трансауған дәлізінің өзара байланысын нығайту перспективаларына аударды. Мемлекеттердің бірлескен жұмысының маңызды бағыттары – инфрақұрылымды дамыту, логистиканы цифрландыру және тұтас транзитті қамтамасыз ету. Басымдықтардың қатарында инфрақұрылымдық шектеулер мен әкімшілік кедергілерді жою, «жасыл дәліздерді» және «бір терезе» қағидатын енгізу бар, бұл трансшекаралық тасымалдауды жеңілдетуге, жүктерді жеткізу мерзімдері мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді. Бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көшудің маңыздылығы атап өтілді.

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді