ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі
М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің 44 студенті Магистральдық желі дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырылған геодезиялық практиканы аяқтады.
Екінші жыл іске асырылып жатқан бағдарлама болашақ мамандарға теміржол инфрақұрылымы объектілерінде тікелей практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы геодезиялық практикадан кейін Магистральдық желі дирекциясының желілік бөлімшелеріне 10 студент жұмысқа орналастырылды. Студенттер кәсіби дағдыларды игеріп қана қоймай, желілік бөлімшелердің жұмысымен, өндірістік қауіпсіздік талаптарымен және темір жолды күтіп ұстау ерекшеліктерімен танысты.
Дирекция мен ALT университеті ынтымақтастығы дуальды оқыту аясында да дамып келеді. Биылғы жылдың басында дирекцияның желілік кәсіпорындарына жол шаруашылығында жұмыс істеу үшін 36 студент қабылданды. Қазан айынан бастап 3-4 курстың 64 студенті қосымша қабылданды. Дуальды оқыту бағдарламасы кеңейіп келеді: жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс бағыттарын қамтиды. Бірлескен білім беру жобалары теориялық дайындық пен өндіріс арасындағы байланысты нығайтады, студенттердің кәсіби дамуына және Магистральдық желі дирекциясының кадрлық резервін қалыптастыруға ықпал етеді.