Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Іріктеу ойындары өтті
Оқуға 1 мин
Ақтөбеде тамыз айының соңына таман Астанада өтетін Бірінші жазғы спартакиадаға іріктеу ойындары болып өтті.
"Транстелеком" АҚ Жастар ісі жөніндегі кеңесінің бастамасымен қолға алынған шараға Қандыағаш, Шұбарқұдық, Ембі, Шалқар, Орал ойыншылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуларына қарағанда, шара Мемлекет басшысының салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес өткізіліп отыр. Спартакиада аясында қатысушылар шағын футбол өткізіп, түрлі қашықтыққа жүгірді, алысқа секірді, үстел теннисінен бақ сынап, спорт алаңдарында түрлі жаттығулар жасады. "Транстелеком" АҚ Ақтөбе филиалының басқарушы директоры Әнуар Уәлидің айтуына қарағанда, жүзден жүйріктері Елордада өтетін спартакиадаға жолдама алады.
–Өңірден он екі адам іріктеп алуымыз керек. Астанада он үш команда арасында жарыс өтеді. Іріктеу ойындарына барлығы бес команда қатысты, - дейді ол.
Іріктеу ойындарында Байланыс үйінің командасы 1 орынды, Ақтөбе басқармасының ойыншылары 2 орынды иемденіп, ал одан кейінгі орындарға Қандыағаш, Шалқар, Орал ойыншылары жайғасты.