Үлкен сұранысқа ие
Таяуда ғана жолаушылар пойызының жаңа «Шалқар – Бейнеу» тармағымен жолға шыққаны туралы сүйінші сұрап едік. Бүгінде аталған бағытта жолда жүру құжатының 45 күн бұрын ерте сатылатынына қарамастан, билетке сұраныс өте жоғары болып тұр.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ БАФ директорының орынбасары Жомарт Перзадаевтың айтуынша, жаңа жолмен қатынаудың тиімділігін алдымен жергілікті тұрғындар сезініп отыр. Ақтөбеден Маңғыстау бағытына жолға шыққысы келетіндердің өзі Шалқар арқылы қатынауды жөн көріп отыр. Ал Астананы бетке алған маңғыстаулықтар Шалқар арқылы Сексеуілге дейін жетіп, әрі қарай басқа пойызға отырады екен.
– Жол бойындағы жаңа елді станцияларда тұратын тұрғындар бұрынғыдай жеңіл көлікпен жолсыз жермен қатынамайды. Бұрын жеті сағат уазикпен шаңдатып жол жүру деген жоқ. Рас, әзірге, жолаушылар пойызы жаңа жолдың үстімен сәл төмен жылдамдықпен жүреді. Дегенмен, ревизорлар алдағы уақытта жылдамдықты арттыруы мүмкін. Жалпы, әбден төселген жолдармен жолаушылар пойызы сағатына 100-120 шақырым жылдамдықпен жүйткиді, – дейді Жомарт Перзадаев.
Оның айтуынша, жергілікті халықтың тілегі бойынша аталған тармақпен болашақта қала маңы пойыздары да қатынай бастауы мүмкін.
Жаңа жолмен қатынап жатқан «Алматы – Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Клара Мырзатаеваның айтуынша, алғашқы күндері-ақ пойыздың жолаушы сыйымдылығы 80-90 пайызды құраған.
- Алдағы уақытта ұл жолмен жаңа жолаушылар вагоны қатынайтын болады дейді. Демек, жыл соңына дейін біздің пойыз құрамымызда су жаңа, зауыттан жаңа шыққан вагондар пайда болады деп сенемін, - дейді пойыз басшысы.
Айтпақшы, Клара Мырзатаева бұл жаңа бағдардың жергілікті халықты зор қуанышқа бөлегені соншалық, тіпті, жол бойындағы бір елдімекен басшысы халық атынан рахметін пойыз бастығына Алғыс хат табыстап білдіріпті. «Сіздерді 2016 жылдың 5 шілдесі күнгі жаңадан салынған Жезқазған-Шалқар-Бейнеу темір жолы бойынша алғаш сапарға шығып, жол бастауларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Әр кез сәт сапар, ақ жол тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін», делінген екен жергілікті билік органы өкілі табыс еткен алғыс хатта.
Асқар АҚТІЛЕУ,
Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды