Жүк тиеу бір жарым есе көбейген 

Жаңалықтар
01.08.2016, 10:55
«Жүк тасымалы Шымкент бөлімшесі» филиалында жарты жылда жүк айналымы 3 млрд 536 млн 5 мың ткм неттоны құрап, меже 107,3 пайызға орындалған. – Алты айда барлық көрсеткішті теміржолшыларымыз өз деңгейінде орындады. Тек, бос вагонның жүк вагонға қатынасы ғана көңілден шықпауда. Бұның себебі  айналымда бос вагондардың көбейгендігінен дер едім. Шымкент мұнай өңдеу зауытынан жиі мұнай өнімі тиелетіндіктен, қанша керектігін сұрамастан, бос вагонның барлығын бізге жібереді. Одан бөлек, Өзбекстанға ұн, көмір, бидай артып әкеткен вагондар бос келеді. Бұл жағдай былтыр да орын алған еді. Өндірістің тілімен айтар болсақ, бос вагондардың жүк тиелген вагондарға қатынасы жоспардағы 77,64 пайыздың орнына 80,52 пайызға жүзеге асып, бұл саладағы жұмыстың нәтижесі 96,4 пайызды көрсетуде. Себебі, түйіспе бекеттерден босаған вагондардың қабылдануы күніне жоспардағыдан 95 вагонға көбейгендігінен, тиелген вагондарының бос жүрісі 4134 мың вагон шақырымға жеткен,- дейді «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары Ералы Дербісбеков. –Осылай Түркістан және Түлкібас түйіспелерінен бос цистерналардың мөлшерден артық қабылдануынан жұмыс паркінде тәулігіне тұруы тиіс 3060 вагонның орнына 3218 вагон сақталып, күн сайынғы меже 158 вагонға жоспардан артық болуда. Өткен жылғы астықтың мол болуынан қазірдің өзінде шекарадан 70-80 вагон бидай өтуде. –Жалпы, биыл бөлімшеден жүк тиеуде жоспарды 118,5 пайызға жеткізіп отырмыз. Былтырғы алты аймен салыстырғанда 132 пайызға алға шықтық. Оның ішінде мұнай өнімдерінің тиелуі жарты жылда 113 пайызға жетсе, былтырғыға қарағанда 143 пайызға жүзеге асқан. Яғни, 2015 жылдыңалтыайыменсалыстырғандажүк арту біржарымесе артық деген сөз. Оңтүстікте  цемент шығаратынүшзауыт бар. Бірі Түлкібастағы Састөбедеорналасса, екеуіқалада. Бұлардың өнімдері ел ішімен қатар шетелдерге де тасымалданатындықтан, цементтіңартылуыбылтырғы жарты жылменсалыстырғанда 148, биылғыалтыайғақарағанда 127 пайызға орындалған. Бастысыжүкартуғасұранысболсаболды. Біздіңміндеткелгенжүктітиеп, тасымалды қамтамасызету. Астықтың жөнелтілуі алты айда  118, былтырға қарағанда 110 пайыздықұрауда. Былайша айтқанда, номенклатуралықжүктердіңдерлігіартығыменорындалыпжатыр,- дегенЕралыКөпжанұлынарықтық экономика тәртібі бойынша  жүк тек сұранысқақарайтиелетінінжеткізді.  Кейде бергісі Өзбекстан, арғысы Ауғанстаннан сұраныс болмай жүк айналымы азайып қалады екен. Сұраныс көбейсе жүк те көбейеді. Басшылық бұл жылы өзге облыстардан, қала берді шет елдерден жүк вагондары сирек келуінен, өңірден өтетін транзитті вагондардың айналымын азайғанын да сөз етті.  Сұранысқа келсек, жыл басынан бері орташа тәулікте межедегі 345 вагонның орнына 405 вагонға жүк тиеліп, 301 орнына 331 вагоннан жүк түсірілген. Жүктердің жоспардан 37 вагонға аз болып келуіне байланысты, өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда, жүк түсіру көлемі 98,9 пайызға төмендеген. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Шымкент

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты