3aa5228d8783cc82f417a889b0aab89a

Шымкентте салынып жатқан көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы дағдарыстың салдарынан бір жылдан бері тоқтап тұр.  Аумақты кешеннің құрылысына жауапты «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС-нің өкілі Диас Ермекбаев жұмыс негізінен былтырғы жаздан бері қарқыны жүрмегенін, күзде бөлінген қаржы алдындағы атқарылған аз-кем тірліктің шығынын жабуға ғана жеткенін айтқан-ды. Содан наурыздың біріне дейін құрылыс жұмыстары мүлде тоқтатылған болатын.  – Бұған дейін кешеннің құрылысына қаржыны «Ресей Сбербанкі» бөліп келген. Осы жаздан бері басшылық ол банкпен келісімді тоқтатып, «Қазақстанның Даму банкісімен» қайта келісімшарт жасасты. Тамыздың басында жаңа банктен тиесілі қаражат түсіп қалар деп күтудеміз. Бірінші транш бөлінгеннің өзінде  алғашқы этап қана бітуі мүмкін. Нақты дерек бойынша мұндағы жұмыстың 65 пайызы аяқталды. Бірақ, құжат бойынша құрылыстың 50 пайыз жұмысы біткен деп есептеледі. Өйткені, біршама ұсақ тірліктер аяқталғанымен, құжат бойынша әлі қабылданбады. Көктемнен бері тек электр жүйелері тартылып, трансформатордың блоктары қойылды, – дейді Диас Ескендірұлы.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент