«Егер мен станция бастығы болсам...»

Жаңалықтар
03.08.2016, 09:30
Жамбыл бөлімшесінде жас мамандарды ынталандыру және кәсіби тұрғыдан біліктілігін арттыру мақсатында біліктілік шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай байқаудың бірі теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Перспективті маман» атауымен өткізілді. Шілденің 5-25 аралығында өткен байқауға барлығы 27 теміржолшы қатысты. Әрбір қатысушының өздеріне қойған талаптарын орындауын қадағалаған қазыларға ЖТ Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков төрағалық етті. – Жалпы, байқау шарты бойынша қатысатын мамандардың саладағы  еңбек өтілі бір жыл мен отыз жыл аралығын қамту керек болатын. Алайда, өзіңіз байқағандай, байқауға негізінен жас мамандар қатысуда. Басты талап – болашағынан үміт күттіретін, перспективті маман деуге лайық жандардың кәсібилік пен білімді шеберлікпен пайдалана білуі сынға түседі.  Байқауда өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берумен қатар мамандар «Егер мен станция басшысы болсам...» тақырыбында эссе жазды. Сондағы мамандардың толғаныстары, өзіндік көзқарастары салада еңбек етіп жүрген мамандарға да ой саларлық дүниелер екен. Мысалы, байқауда жүлделі орыннан көрінген жас маманның бірі – Бурыл станциясының жүк және тауар қабылдап-өткерушісі Еркін Тұрысмағамбетов өз шығармасында бүгінгі күні ұлттық компания ең басты кіріс көзі – жүк тиелуін арттыру үшін жергілікті жүк жөнелтушілермен етене жұмыс жүргізуді көздегенін жазыпты. Ал, Хантау станциясының пойыз құрастырушысы Жәнібек Жанысбеков салада бар болғаны он ай ғана еңбек етіп келе жатқанымен бүгінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтындығымен ерекшеленген.  Тіпті, жас маман бүгінгі күні темір жолда басқару жүйесінің ескергенін, жаңа технологиялар өмірімізге дендеп енгенімен, әлі де өзгерістердің керек екендігін жазады. Міне, жас мамандардың басшылыққа барғанда лауазым қумай, осындай жаңашылдық іздейтіндігі қуантады, – дейді ЖТ Жамбыл бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары Дархан Құндызбаев.             Байқау қорытындысында «Станция кезекшісі» аталымы бойынша Бурный станциясының станция кезекшісі Қуанхан Қазыхан, «Жүк пен тауарды қабылдап-өткерушілер» аталымында Бурыл станциясының қызметкері Еркін Тұрысмағамбетов, «Пойыз құрастырушылар» аталымында Хантау станциясының пойыз құрастырушысы Жәнібек Жанысбеков жүлделі бірінші орындарды жеңіп алды. Олар алдағы кәсіби мерекеде  марапатталмақ.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды