Көресіні төрттұяқтыдан көрдік...
Маңғыстау жол дистанциясы қызметкерлерінің міндеті – әрине, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жағдайын күтіп ұстау. Алайда, олардың жұмысына кедергі келтіретін, жалпы пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін бір нәрсе бар. Ол – сол баяғы ауа жайылған төрт түлік мал.
Дистанция мамандарының айтуынша, теміржолшылар ішкі істер желілік бөлімі, Маңғыстау облысы бойынша көліктік және су бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесе мал иелерімен үнемі жүргізетін профилактикалық жұмыстар жүргізетініне қарамастан тұяқтылардың тепловоздың алдына шығуы азаяр емес. Соның салдарынан бірінші тоқсанда Маңғыстау локомотив депосының машинистері 18 оқыс тежеу берген. Біреуінде мал басылған. Мамандардың дерегінше, бір шұғыл тоқтаудың өзі 0,050 кг жанармай шығындайды екен. Сондықтан дистанцияда 02-31 сәуір аралығында жарияланған «Абайла! Жолда мал!» айлығы осы келеңсіздікпен күресті тағы да күшейткен. Айлықтың алғашқы күндері теміржолға жақын ауыл әкімдіктеріне, ауыл жұртшылығының малын бақылауда ұстауы жөнінде, атап айтқанда Қызылтөбе, Баянды, Дәулет, Маңғыстау ауылдарының әкімдеріне хат жазылыпты. Мұндай үлгідегі хат теміржол маңындағы өзге ауыл биліктеріне де ұдайы жіберілетін көрінеді. Малға қарсы салынған қоршаулардың бұзылып, сынған бөліктеріне жөндеу жұмыстары басталмақ.
– Көресіні осы төрттұяқтылардан көрдік. Жолды малдан қоримыз деп жолшыларымыз бақташыға айналатын болды, – деп күйінеді дистанцияның жетекші жол инженері Ержан Артықбаев, – дистанцияға қарасты жолдардың 388 шақырымында малға қарсы қоршаулар бар. Биыл соның 40 шақырымында бүлінген жерлері қайта жасалып, жаңартылмақ. Ірі қара негізінен №14-15, №14-Шетпе-13, №11-10 бекеттері,Өзен-Жетібай, Өзен-Бастау аралықтарында теміржолға жиі шығады. Жолдағы қоршау сымдар үзіліп, бағаналары құлап жататын жағдайлар да жиі кездеседі. Мұны малын өткізу үшін адамдардың өздері де істеуі мүмкін. Одан өзге малдар да кіріп, теміржол көлігіне кедергі келтіреді. Жыл басынан бері сондай жерлердегі мал иелерімен арнайы кездесіп, тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Қараусыз мал үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 30-тарау 559-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын тағы ескертеміз.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?