Құрмет пен тағзым

Жаңалықтар
23.08.2016, 18:15
Шу қаласы – салтанат құшағында. Түрксібтің атасы Тұрар  Рысқұлов тұғырға қонса, машинистер құрметіне – мемориалдық тақта орнатылды.       «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Шу локомотив пайдалану депосында өткен салтантты шараға әрісі Астана мен Алматы, берісі Жамбыл мен Шымкенттен қонақтар келді, жергілікті теміржолшылардың еңбек әулеттері мен Шу торабының ардагерлері қатысты. Кезінде Түрксібтің құрылыс комитетін басқарған мемлекет қайраткері  Тұрар Рысқұловтың есімі тұңғыш қазақ инженері Мұхаметжан Тынышбаевпен қатар аталады, екі тұлғаның да темір жол тарихындағы еңбегі зор. Ал темір жол көлігінде басты тұлға мәртебелі  машинист екені талас тудырмайды.       Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ жариялаған Жыл машинисі шеңберінде өткен шарада  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ департамент директоры Болат Ибадуллаев темір жол саласында машинист мамандығы қашан да құрметті және жауапты болып қала беретінін атап өтті.      Кез келген адамның нормаланбаған жұмыс кестесінде, күрделі ауа райы жағдайында, үнемі қарбалас үстінде жұмыс істеуге, қала берді түрлі тосын  жағдайларға дайын болып, дұрыс шешім қабылдауға қабілет-қарымы, төзімі жете бермейді. Бүгін Шу локомотив пайдалану депосында елеулі оқиға – күрделі де жауапты мамандық өкілдеріне құрмет ретінде мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты болып отыр. Баршаңызға белгілі, темір жол көлігі ел экономикасының дамуында айрықша рөл атқарып келеді. Машинистермен қатар, жолшылар, вагоншылар, қозғалыс шаруашылығы өкілдері күн сайын темір жол саласының дамуына сүбелі үлес қосуда, – деді Болат Омарұлы.       Болат Ибадуллаев сондай-ақ, үздік қызметкерлерінің озық тәжірибелерін тарату, локомотив бригадалары мүшелерінің білімі мен шеберлігін арттыру, олардың ауыр жұмысын ынталандыру, мамандық мәртебесін көтеріп, нығайту үшін «Машинист жылы» жарияланғанына тоқталып өтті.      Көрнекті қоғам қайраткерінің мүсіні мен құрмет тақтасын ашу құрметіне талай жыл осы депоны басқарған байырғы теміржолшы, «Құрмет» орденінің кавалері Отан Молдабаев ие болды.       Депоның үздік машинистерінің есімдері ойып жазылған мемориалдық тақта депо ғимаратының алдында орналасқан. Онда депоның ашылу кезінен бастап, кәсіпорынның дамуына жылдар тезінде үлес қосқандардың есімі тасқа қашап жазылған. Олардың қатарында бүгінгі заман кейіпкерлері де бар.  Мысалы, машинист Дүйсебек Онлабаевтың темір жолда жұмыс істеп жатқанына қырық жылдай болса, соның отыздан астам жылында ол пойыз жүргізіп келеді. Теміржолшылар әулеті бүгінде  жүрдек пойызды басқарады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған машинист.  – Мен өз өмірімді темір жолсыз елестете алмаймын. Өз жұмысымды жүз  пайыз жақсы орындап, сенімнен шығуды басты мақсат санаймын, – дейді есімі тарихқа енген машинист.     Салтанатты шара локомотив депосының үздік қызметкерлерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Жамбыл жол бөлімшесі ЖТ» және «Шу локомотив пайдалану депосы»  филиалдары басшылықтарының Мақтау грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапаттауына ұласты. Ал жас машинистерге 3 класс куәлігі  табыс етілді.

Любовь ПОДОЛЯК,

 Астана – Шу – Астана

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында