Жарты жылда 1,5 млн жолаушы 

Жаңалықтар
23.08.2016, 18:29
Оқуға 2 мин
    Астана әуежайы жұмысының қорытындысы бойынша  2016 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,5 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артық.        Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша аталған уақыт аралығында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1 млн-нан астам адамды құрап, 2015 жылға қарағанда 11%-ға  өскен. Сұраныс көп бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. Халықаралық бағыттарда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 493 мыңға жуық адамды құрады, бұл өткен жылдың 6 ай көрсеткішімен салыстырғанда 6%-ға аз. Танымал бағыттар Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу болып шықты. Рейстердің азаюы ішкі туризмнің дамуына, халықаралық бағыттарға билет бағасының қымбаттауына байланысты. Астана әуежайында қызмет көрсетілген рейстердің саны – 11 955   рейс, былтырғымен салыстырғанда 4%-ға  артық. Осы жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша өңделген жүктер мен пошта саны 4 012 тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Өндірістік қызмет көрсеткіші артуының негізгі факторы қолданыстағы рейстердің жиілігін көбейтуден және жаңа бағыттар ашудан болып отыр. Жылдың басынан-ақ елордалық әуежайда жаңа бағыттар ашылды. Ағымдағы жылғы мамырда Air France KLM авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілігімен Астанадан Амстердам қаласына жаңа бағыт ашты.  Чартерлік туристік бағдарлама да саяхаттау жанкүйерлерін қуантты. 1 маусымнан бастап BH Air Бургас қ. жыл сайынғы чартерлік бағдарламасын қайта бастады. Алғаш рет Астана әуежайынан Skybus авиакомпаниясы Сочи, Батуми қ. жаңа бағыттар ашты. Бұдан басқа аталған компания Батуми, Грозный қалаларына чартерлік тасымалдарды орындайды. Жазғы кезеңге Ellin Air авиакомпаниясы әуесқой саяхатшыларға Салоники қаласына чартерлік туристік бағдарламасын қайта бастады. Сонымен қатар, тұрақты серіктестер Эйр Астана, Түрік авиажолдары, Атлас Глобал жазғы маусымға Анталья қаласына чартерлік рейстерді қайта бастады     Астана әуежайы Экспо-2017 көрмесінің қонақтарын қарсы алуға белсенді дайындалып жатыр. Осыған байланысты жолаушылар терминалының реконструкциясы жобасы кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі уақытта терминал ғимаратының монолитті темір бетон қаңқасын көтеру бойынша жұмыстар аяқталды, шатырдың, техникалық қабаттың, келбетінің металл құрылмасының монтажы жүріп жатыр, еденді, аралықтарды, ішкі инженерлік коммуникацияларын жасау құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрлеу жұмыстары басталды. Жаңа жолаушылар терминалын енгізумен бірнеше қызметтер автоматтандырылады деп күтілуде.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды