Өнер-білім бар жұрттар...

Жаңалықтар
02.09.2016, 10:22
Оқуға 3 мин
 Қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы, ұлы педагог  Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды,айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды...» деген  жыр шумақтары күні бүгін де маңызын жоймақ емес. Қазақстанның болашағы  жан-жақты білімді де өнерлі жастардың қолында екенін Елбасы жастармен әрбір кездесуінде қайталап айтудан жалыққан емес.              Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның базалық оқу-ғылыми мекемесі болып табылатын М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының табалдырығынан алғаш рет мыңнан астам мектеп түлектері аттады. 1 қыркүйек – Білім күнімен оларды академияның президент-ректоры Бақытжан Қуанышев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. –Биыл академия және оның ұжымы үшін айтулы жыл. Білім ордасына биыл 85 жыл болса, академия студенттерінің саны да биыл ерекшеленіп, алғаш рет мыңнан асып отыр. Өйткені, былтырғы жылдармен салыстырғанда, мемлекеттік білім грантының иегерлері екі есе көбейіп отыр. Мәселен, былтырғы жылы 139 грант иегері болса, ал бүгінгі күні олардың саны 243-ке жетіп отыр. Соның ішінде, 93 грант иегері «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша студент атанып отыр. Сонымен қатар 2016 жылы академияны бакалавриат бағыты бойынша 956 жас маман, магистратура бағыты бойынша 139 түлек бітірген болатын. Академияда студенттерге терең білім алып, толыққанды маман болып шығуға барлық жағдай жасалған. Зертхана-аудиториялар заманауи құрылғы-жабдықтармен жабдықталып, қашықтан оқыту жүйесі де қарастырылған. Академия «ҚТЖ» компаниясының филиалы болып табылатындықтан, тығыз іскерлік байланыс орнатылған. Академия студенттеріне теориялық білімдерін өндірістің қайнаған ортасында практикамен ұштастыру мүмкіндігі қарастырылған. Біздің көптеген студенттеріміз темір жол мекемелерінде тәжірибе алып, өздерінің білімдерімен көзге түсіп, жұмысқа тұрып жатыр. Ендеше, оқимын, білім көкжиегін кеңейтемін, өз ісінің білгірі боламын деген жастарға жол ашық, бәріңізіге оқуда сәттілік, жемісті еңбек тілеймін, – деді Бақытжан Қуанышев өз сөзінде. ҚазККА аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына әлеуметтік шәкіртақы тағайындап, әлеуметтік қоржын қарастырып отырған еліміздегі бірден-бір оқу орны табылады. Биыл академия студенттерінің көбеюіне тағы бір себеп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, академия президенті-ректорының арнайы гранты бөлінген. Бұл гранттар комиссияның егжей-тегжейлі сүзгісінен өтіп барып, лайықты деп танылған студенттерге беріледі.  Қазір бұл байқауға қатысуға студенттер қажетті құжаттарын өткізуде екен. Сондай-ақ, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы жүзден жүйрік шыққан студенттерін ынталандырып, олардың жарқын болашағын қалыптастыруына оң ықпалын тигізіп келеді. Оның жарқын көрінісін, әр семестр қорытындысы бойынша үздік шыққан студенттерді Білім министрлігінің қолдауымен Америкаға, Болгарияға, Латвияға бір семестрге, оқып жатқан мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруге жіберетінінен көруге болады. Сонымен қатар, академияның 6 үздік магистранты бүгінде Мәскеуге доктарантураға оқуға түсіп, білімдерін тереңдетуде.             Алдағы қазан айында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА 85 жылдық мерейтойын атап өтуге  дайындалуда.  Осы мерейтой барысында академияның өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, мыңдаған шәкірттер тәрбиелеген С.М.Бектебаев, А.Г.Акчурин, Қ.Д.Көпжасаров сынды аға ұстаздар есімдерімен зертханалық аудиториялар ашылады деп күтілуде.

Сұлугүл БАКЕСОВА 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл