Еңбек күні аталды

Жаңалықтар
27.09.2016, 11:22
Оқуға 1 мин
Семей жүк тасымалдау бөлімшесінде Еңбек күні ерекше мереке саналады. Биыл да бөлімшенің бас ғимаратында атаулы күнге орай аймақ теміржолшыларының басын қосқан салтанатты жиын өтті.   Темір жол мекемелерінің кәсіподақ төрағалары, кадр бөлімінің басшылары, сала ардагерлері жиналған жиынды бөлімше басшысының бірінші орынбасары Дәукен Ибраев ашып, сала мамандарын атаулы күнмен құттықтады. –Ел экономикасының өсіп-өркендеуіне теміржолшылардың қосып отырған үлесі орасан зор. Темір жол өзіндік ерекшеліктері бар сала. Жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастырып, қауіпсіздікті сақтап отырған сала еңбеккерлерінің еңбегін бағалау парызымыз, – деді ол. Бұдан кейін кәсіподақ төрағасы Алик Досанов өз міндетіне адал, кәсіби тұрғыдан озат атанып жүрген бірқатар сала мамандарын, атап айтқанда, Гүлжан Ботабаева, Ғалия Батырбаева, Санатбек Құрманбеков, Саят Смағұлов, Бауыржан Самарханов, Ербол Қуанышев, Арман Өтебеков, Нұржан Бексұлтановты алғыс хаттармен марапаттап, олардың еңбектері жаңа толқын үшін үлгі-өнеге екенін де жеткізді. Ал бөлімше ғимаратының алдын гүлзарға бөлеген шаруашылық қызметінің қыз-жігіттері  бөлімше басшылығының арнайы сыйлығын иеленді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды