Үздік басшы асқаралы алпыста

Жаңалықтар
03.10.2016, 11:15
Оқуға 2 мин

Кеше Қандыағаш станциясының ұжымы станция бастығы Нұрибай Сәрсеновты 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Нұрекеңнің аталған станцияны басқарып отырғанына біраз жыл, ал темір жолда тер төккеніне қырық жылға таяпты. Білікті басшының ұйытқы болуымен ісі өрге домалаған Қандыағаш станциясы үш жыл қатарынан, 2009-2012 жылдары «Салалық жарыстың жеңімпазы» деп танылса, Нұрибай Сәрсенов «Үздік басшы» номинациясын иеленді. Кейіпкеріміз замандастары сияқты еңбек жолын қарапайым қызметтен, Шалқар вагон депосында слесарьлықтан бастаған екен. Вагон қараушы, стрелка бұрушы болып та еңбек еткен. Алты жыл станция кезекшісі де болған. Жұмыс істеп жүріп, Алматы темір жол көлігі инженерлері иститутында бітіріп алған. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада, ол талмай еңбек етіп, тек алға ұмтылды. Еңбекке адалдығы басшылық назарынан тыс қалмай, 1986 жылы ол Ақтөбе жол бөлімшесінің Қандыағаш – Никельтау – Ембі учаскесінің ревизоры болып тағайындалды. Он жыл өткенде Қандыағаш станция кезекшісі, дөңес бастығы қызметтеріне ауысты. Ақтөбе жол бөлімшесінде де жетекшілік қызметтерде болған ол, кейін Қандыағаш станциясына бас инженер болады. Ал станцияға басшылық еткеніне міне, он төрт жылдан асып барады. Әріптестері Нұрекеңнің өз ісінің кәсіби маманы болғанымен қатар орынды талап қоятын әділ басшы, жастардың тәлімгер ұстазы екенін айтады. Темір жол саласындағы көп жыл еңбегінің өтеуіне «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, Елбасының қаулысымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен марапатталды. Нұрекең қоғамдық өмірдің қайнаған ортасынан да табылуда. Наурыз мерекесінде киіз үй тігіп, аз қамтылған отбасыларына, зейнеткерлерге дастархан жайып, көп балалы отбасыларына оқу құралдарын алып беру акцияларына да қатысады. Ал кәсіби сауаттылығының арқасында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының құрмет тақтасында «Yздiк мамандар» қатарында ілулі тұр.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды