Теміржолшылар қауіпсіздігі үшін

Жаңалықтар
12.12.2019, 23:03
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форумға «Жоба менеджменті» байқауы бойынша қатысып, іріктелген 24 жобаның біреуін алып келген Ақтөбе ЖТ бөлімшесіне қарасты Қандыағаш вагон пайдалану депосында еңбек қорғау инженері Еркебұлан Асабаевтың салада 10 жылдық еңбек өтілі бар.

Саладағы жұмысын ең төменгі сатыдан, слесарьлықтан бастаған теміржолшылар династиясының өкілі Еркебұлан атасы 45 жыл станция кезекшісі, станция бастығы болып еңбек еткенін, сол кәсіпті атаанасы, олардан өзі мен бауырлары жалғап, теміржолда еңбектеніп жатқандарын мақтаныш ететінін жеткізді. Бұл форумға бірінші рет қатысып отыр. Бес адамнан тұратын жобалық топ «Вагон жеңі мен Узотты біріктіретін фиксатор» деген рационализаторлық ұсыныс әкелді. – Бұл қазақша айтқанда «қысқыш» деп аталады. Бұл вагон қараушы теміржолшылардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Вагондар арасында жалғанатын екі жең жалғанғанда олардан ауа жүреді. Бізде УЗОТ деген бар, содан вагондарды алдын ала дайындап қояды. Осыдан қатты қысым кеткенде жаңа жеңдер шығып кетеді, сол кезде жұмысшылар дене жарақаттарын алмау үшін осы қысқышты ойлап таптық. Бұрынсоңды мұндай болмаған. Ақтөбедегі басшылық біздің жобамызды қолдап, осы жиынға жіберді. Бұл жақта сарапшыларға оның тиімділігін түсіндіріп, жобамызды қорғадық. Енді шешімін күтеміз. Бұл байқауда орын алмағанның өзінде бұл идеямыз өндіріске енгізіледі, – дейді өзіне-өзі сенімді жігіт . Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 1 ай, шығыны 20 мың теңгені құрайды екен. Жобаны қорғау барысында олар оның мақсаты мен өзектілігін, орындаушысын, жүзеге асыру географиясын, жүзеге асыру механизмдерін сарапшыларға түсіндіріп берген. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды