Көлік академиясы: білім мен ғылым ұштасып...

Жаңалықтар
14.10.2016, 11:02
Қазақстанның көлік саласының дамуына сапалы біліммен негіз қалап, көлік қызметкерлерін кәсіби дайындауда бірегей оқу орны болып табылатын М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына 85 жыл толып отыр. Мерейтой аясында оқу орнының қабырғасында «ЕАЭО шеңберінде көліктік білім беру мен ғылымды дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.    Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен компанияның құрылымдық бөлімшелерінен мамандар, Alstom, FRAUSHER, GE Transportation компанияларының өкілдері, отандық және шетелдік ЖОО-дары, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қытайдың зерттеу және жобалау институттарының  басшылары қатысты.  Халықаралық әріптестермен тізе біріктіре отырып, заманауи білім берудің ортақ мәселелері көтерілген маңызды шарада аталған оқу орнының ректор-президенті Бақытжан Қуанышев: -  Бүгінгі таңда Академиямыз өзінің жеткен жетістіктерімен мақтана алады. Елбасының тапсырмасымен оқу орнын 2011-2020 жылдарға арналған дамытудың жаңа Стратегиясы қағида түрінде жасалды. Біздің қызметіміздің ең басты жемісі – сапалы білім беру. Біз өз түлектерімізбен мақтанамыз. Олардың саны қазірде 80 мыңнан асады. Солардың 85 пайызы ел экономикасының түрлі салаларында табысты еңбек етуде,- деп атап өтті. Еліміздегі жетекші көліктік оқу орны темір жол және автокөлік саласындағы кадрлардың, ақпараттық технология және телекоммуникация бойынша мамандардың ұстаханасы іспетті. Сонымен қатар елдің қаржы-экономикалық құрылымына да мамандар дайындайды. Осы жағынан академияның профессорлық-оқытушылық құрамының еңбегі зор. Ұлттық компания тобы құрамына кірген сәттен бастап академияда инженерлік кадрлар дайындау тәсілдері түпкілікті өзгерген. Бұл ең алдымен ҚТЖ тарапынан көрсетілетін қолдауға тікелей байланысты.   Жиында сондай-ақ Академияның ғылыми әлеуеті айрықша талап етілетін ауқымды міндеттердің бірі темір жол машиналарын жасау саласын дамыту екендігі тілге тиек етілді. Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және аспиранттарының күшімен мемлекетаралық 14 және 45 ұлттық стандарт бекітілгені атап айтылды. -  Бүгінгі таңда бұл саланың алдында жаңа міндеттер мен сын-тегеуріндер тұр. Елбасының тапсырмасымен  «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясы Қазақстанның халықаралық көліктік жүйедегі ықпалдастығы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Осы міндеттерді орындау үшін бізге мықты мамандар қажет. Бұл жауапкершілік ҚазККА-на жүктеліп, академия оны абыроймен атқарып келеді,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев.   Соңғы жылдары оқу орнының халықаралық ынтымақтастығы қарқынды түрде артып келеді. Ұлыбританиялық Корольдік логистика және көлік институты халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Джон Харрис ЕАЭО шеңберінде екі жақты білім беру мүмкіндіктерін теңдестіру маңыздылығына тоқталды. «Біздің ортақ білім беру мүддеміз өз жемісін беріп келеді. Қаз ККА CILT бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарын тіркеуге қол жеткізді»,-деді ол. Осы Корольдік институтпен бірге бүгінгі таңда көліктік-логистикалық хаб кадрларын дайындау  үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да Академияның жеке оқу базасын ашу туралы мәселе қаралып жатыр.  Мәскеу мемлекеттік ІІ Николай Император жол қатынастары университетінің (МЖҚИ) оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Валентин Виноградов Қаз ККА мен МЖҚИ түлектері осы оқу орындарын тәмамдағанда бірден екі диплом алып шығатындай бірлескен білім беру бағдарламасын жасау керек деп санайды. Ал «ҚХР Үшінші темір жол жобалық-зерттеу институты» компаниясы бас директорының орынбасары Цзян Сианпин жоғары жылдамдықтағы темір жолдар жобасы саласында ынтымақтасуға ұсыныс білдірді. Францияның Le Havre университетінің профессоры Пьер Шабаль келесі жылдың наурыз айында Каз ККА студенттері Франция университетіне оқуға келетінін жеткізді, жоспарда сондай-ақ PHD бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары да бар. Дөңгелек үстел барысында ЕАЭО кеңістігінде көліктік салаға жоғары білікті мамандар дайындау жөнінен  ынтымақтастықты тереңдете түсуге арналған өзге де ұсыныстар айтылды. Мерейтойға арналған екі күндік шара аясында Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев Компания президенті Қ. Алпысбаевтың құттықтау хатын табыс етіп, Қазақстанның көлік кешенін дамыту мен  экономиканың инфрақұрылымдық негіздерін қалыптастыруда академияның ролін жоғары бағалады. Сонымен қатар, шара барысында Академияның ғылыми кеңесінің отырысы өтіп, Мұхамеджан Тынышбаев ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі мен білім ордасының қайта жасақталған мұражайының тұсауы кесілді.         Бүгінде Академия қабырғасында 9 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде оқу орнына қарасты колледж студенттері де кіреді. Салтанатты жиында Академия ректоры Б.Қуанышев,  ҚР Парламент Сенатының депутаты Р.Ахметов, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З. Сағынов, темір жол ардагері Н.Исингарин, тағы басқа мәртебелі меймандар сөз алып, құттықтау лебіздерін білдірді. 

 Елена ҚОЛДАСБАЕВА

Ирина БЕКТИЯРОВА

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?