Идея – өндірісте туады

Жаңалықтар
24.05.2016, 17:23
   Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Галина Попова  өндіріске енгізген тиімді жаңалықтары нәтижесінде «Үздік рационализатор» атанған білікті маман. Әр жұмыс күнін  ізденумен өткізуді дағдыға айналдырған Галина Юрьевна «Жаңашыл идеялардың туатын жері – өндіріс»  дейді. – Шымкенттегі энерготехникумды бітірген ширек ғасырдан  бері осында еңбек етіп келемін. Ал өнертапқыштыққа бір күнде келген жоқпын әрине, мені бұл салаға қызықтырған дистанцияның бас инженері Сейдалхан Махамбетәлиев пен дистанция директорының орынбасары Сақтапберген Бұзаубаев сынды әріптестерім. Әсіресе Сейдалхан ағай нағыз идеяның генераторы болды, көптеген идеялар өзінен туғанмен, оны жетілдіруге бізді жұмылдырады. Солай, біз де ізденіп, жаңалық ашуға бейімделдік, – дейді Галина өнертапқыштыққа қалай келгені жайлы сауалымызға орай. – Өндірісте шығармашылықпен айналысуға  жағдай жасалған деп айта аласыз ба? – Әрине, барлық рационализаторлық идеялар мен  ұсыныстардың пайда болып, пісіп-жетілетін орны – өндіріс дер едім. Кеңседе отырған жан мен күнделікті құрылғылардың жұмысымен тығыз байланыста еңбек ететін жанның таным-түсінігі жер мен көктей. Өндірістік-техникалық бөлімде түйіспелі желі инженері болған 25  жылдың ішінде мен бірнеше өнертапқыштық ұсыныстың авторы атандым. Екі жыл бұрын аталған дистанцияға қарасты  жөндеу, тексеру цехына (РРУ) ауысқалы өндірістегі шығармашылықпен айналысуыма бұрынғыдан да мол мүмкіндік туғандай. Бүгінде жоғары кернеулі тоқ көзін бақылайтын электромеханиктердің қорғанатын заттарына жауаптымын.  Дистанциядағы 22 бөлімнің  20-сы тікелей жоғары кернеулі электр қондырғыларына қызмет көрсетеді. Сондықтан әр бөлімде жоғары кернеулі тоқ көзінен қорғайтын сақтандыру заттары бар. Осы жұмысқа жауапты болғандықтан резина қолғап, аяқ киім, бас киім сынды қорғаныс заттарын түгендеп, жетпегенін үлестіріп отырамын. Сонымен қатар, осы бөлімдердің техникалық құжаттарын жүргіземін. Арасында шығармашылық жұмысқа да ден қоюға уақыт жетеді. – Авторлық құқығыңыз бар, өндірісте тиімділігін дәлелдеген  жұмыстарға тоқталсаңыз? –  Әрине менің өнертапқыштық жұмысымның біразы өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлерімен бірлесіп жасалды. Өнертапқыштық жұмысты шағын ғылыми еңбек десек те болады. Ұзақ уақыт ойланасың, салыстырасың, оның тиімділігін зерттейсің, сосын дәлелдеп шығасың. Бұл ұжымдық  өнертапқыштық жұмыстар өзімізбен қатар бірнеше дистанцияларға ұсынылып, таратылған, бүгінде қолданыста. Біздің мекеме мамандары жылда 10-15 шақты тың ұсыныстар ойлап табады.  Ал мен жеке автор ретінде өз жұмыстарымды өндіріске енгізе бастағаныма 4-5 жылдың жүзі болды. Кез-келген идеямның түпкі мақсаты – өндіріске жақсы әсерін тигізіп,  пайда әкелетін болу керек деп ұстанамын. Ойға келген идеяның құжатын  жасап, сұлбасын сызбас бұрын ескі күйінде суретке түсіріп аламын да, оны жаңа жоба макетімен салыстырып,  артықшылығын дәлелдеймін. Осыдан екі жыл бұрын Сергиевка телімінде 3 млн теңгеге жуық экономикалық пайда әкелетін жаңа ұсыныс ойлап тауып, іске асырдық. 2012 жылы Сарыағаштағы түйіспелі желіні секциялау мен қуаттандыратын сызбаға қатысты оңтайландыру жұмыстарын іске асырдық. Дистанция директорының түйіспелі желі бойынша орынбасары Сағындық Тәлтеевпен Шеңгелді мен Сарыағаш арасындағы телімді соңғы әдіс бойынша көп шығын шығармай, жаңалаудың жолын ұсындық.  Түлкібас станциясында да секциялау сызбасы мен қуаттандыратын сызбаға өзгерістер енгіздік. Сосын жолдың қисық тұстарындағы түйіспелі желінің қосымша бекітпесін қатайту ұсынысым да  сәтті шығып, бірқатар өңірлердегі әріптестеріміз игілігін көруде. Сондай-ақ, қордағы бос тұрған трансформаторларды іске қосып, аз болса да үнемдеуге үлесін қосатын жаңалықты да өндіріске қостық.  Бүгінде тек өз авторлығыммен ұсынған 6 өнертапқыштың жобам бар.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады