Әлеуметтік пакет азаймайды

Жаңалықтар
28.05.2020, 16:10
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компания биыл да қолайлы еңбек жағдайын жақсартуға жеткілікті көңіл бөліп отыр. Басқарма төрағасының тапсырмасымен барлық деңгейдегі басшыларды тарта отырып қолайлы еңбек жағдайын жасау бойынша кешенді бағдарлама жасалуда.

Жыл басындағы оң өзгерістердің бірі – желілік кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысы 5 пайызға көтерілгені болды. Сонымен қоса биыл 1 қаңтардан бастап «пилоттық жоба» ретінде жол монтерлері мен бригадирлері үшін еңбекке қатысу коэффициенті енгізілді.

Бұл жобаны нәтижесіне қарай алдағы уақытта Жолаушы тасымалына да қолдану жоспарлануда екен.

Сонымен қатар салалық жарыс қағидаты бойынша рейтинг бағалауларының қорытындысында анағұрлым үздік нәтиже көрсеткен желілік филиалдар жұмысшыларына тоқсан сайын сыйақы берудің оң тәжірибесі жалғасын табуда.

Сондай-ақ компанияда корпоративтік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру жалғастырылып, 2020 жылы әлеуметтік қолдау шаралары сақталып қана қоймай, олардың көлемі ұлғайтылды.

Компания стратегиясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Әскерилендірілген темір жол қызметі» АҚ-ны акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қайта құру туралы да ұсыныстар қарастырылуда.

Бұл өзгерістер бюрократияға тосқауыл қойып, ұйымдар тиімділігін арттыру үшін қажет. Тәуелсіз директорға сыйақы төлеу шығындары қысқартылып, салықтық жүктеме төмендетіледі. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Вагонсервис» АҚ және «Қаламаңы тасымалы» АҚ-ны біріктіру салықтың өзінен ғана 2 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді деген болжам жасалады.

Бұл ретте тікелей ұйым басшыларының басқарушылық шешімдері үшін жауапкершілігі арттырылады. Жұмысшылар үшін бұл өзгерістер еңбек жағдайын жақсарту жағынан да ерекше байқалатын болады, әрі әлеуметтік пакет те төмендетілмейді. 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды