Оң серпін байқалды

Жаңалықтар
16.07.2020, 18:50
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін байқалады. Өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 134 млн тоннаны құраса, биылғы алты айда 137 млн тоннаға жетіп, 2,2% өсім болды.

Бұған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар ықпал етті деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер үшін жүктерді сақтау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағдайда және амалсыз бос тұрған кезеңде, соның ішінде нақты шығындар мен еңбекақы қорын субсидиялау бөлігінде жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдау бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, жолаушылар вагондарының тапшылығын жою мақсатында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 50 жолаушы вагоны сатып алынды. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан – Арқалық бағытына 14 вагоннан, Атырау – Маңғыстау – 18, Алматы – Жезқазған – 10, Нұр-Сұлтан – Семей бағытына 8 вагоннан келді.

Бұдан басқа, темір жол көлігімен тасымалдаудың нормативтік негіздерін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, биылғы бірінші жартыжылдықта тасымалдаушылар көп болған жағдайда тасымалдау процесіндегі әрбір қатысушының өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға бағытталған темір жол көлігі мәселелері жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Ал үстіміздегі жылдың екінші жартысында жүк тасымалы нарығында шынайы бәсекелестікті дамыту үшін тиісті заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды