Жолаушылар пойыздар кестесінде өзгеріс енгізілді

Жаңалықтар
04.08.2020, 11:59
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тамыз айында бірқатар жолаушылар пойыздарының жүруін уақытша тоқтатып, ал кейбіреулерінің жүру жиілігін қысқартып отыр.

Мұны теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы ұлттық оператор елімізде қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың жалғасуы мен енгізілген карантиндік шаралармен және де жолаушылар пойыздарындағы жолаушылар ағыны мен толу деңгейінің төмендеуімен байланыстырып отыр.

Акционерлік қоғам жолаушылар пойыздары қозғалысының қолданыстағы кестесіне өзгерістер енгізу туралы шешімді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша қабылдағандарын жеткізді.

Сонымен, тамыз айында №4/3, №25/26, №258/257 пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылса, №1/2, №10/9, №11/12, №603/604, №67/68, №31/32 жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылмақ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, билет құнын толық көлемде ала алатындарын немесе басқа балама пойыздарға билеттер сатып алуларына болатынын айтып отыр.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолмақол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Теміржол қатынасы Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірлерінде сақталған. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды