Теміржолшылар да саяси додадан тыс қалмайды

Жаңалықтар
18.08.2020, 10:12
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Міне, көптен ел құлағын елеңдеткен саяси оқиға бастау алды. Кеше, 17 тамызда «Нұр Отан» партиясының праймеризіне тіркеу басталды. Үміткерлер 28 тамызға дейін өтініш бере алатын бұл бәсекеге партияның елдегі ең ірі ұйымы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолдың бастауыш партия ұйымдары да өз кандидаттарын ұсынып, саяси додаға қатысып бақ сынайды деп күтілуде.

Праймеризге Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде жасы 25-ке, ал Мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған өз болашағына бей-жай қарамайтын, өмірлік ұстанымы айқын азаматтар қатыса алады. Ал теміржол саласында басқару менеджментін жетік меңгерген, өзін-өзі жан-жақты дамытумен айналысып жүрген, командамен жұмыс істеуге дағдыланған, өзіндік көзқарасын ашық және айқын айта алатын, яғни демократиялық ұстанымы бар жастар өте көп.

Олардың дені ҚТЖ-ның жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жастар саясатының жемісі десек, қателеспейміз. Олар – жан-жақты, білімді, батыл идеялары мен креативті жобаларымен танылып жүргені елдегі саясаттан да, «Нұр Отан» партиясының бастамаларынан да хабары бар бастамашыл жастар.

Тіпті, теміржол саласында еңбек етіп жатқан 10 мыңнан астам жастардың еліміздегі басты партия мүшелігіне өтуі, партияда және теміржолда болып жататын игі бастамалардың бел ортасында жүріп, белсенділік танытуы олардың көзі ашық, көкірегі ояу, ел болашағына бейжай қарамайтынын анық аңғартса керек. Демек, праймеризге теміржолшы жастардың да таласы бар. Және ол – құптарлық іс.

Праймеризге үміткер ретінде тіркелгенге дейін партияда болмаса да кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі бар, тек тіркелгеннен кейін партияға мүше болуға болады.

Жастар праймериз жаңа лидерлерді анықтауда таптырмайтын тетік екенін жарыса жазуда. Сондай-ақ, белсенді азаматтарға бұл елге әзірше атауы таңсық науқан өзі тұратын аумақтың проблемаларын көтеріп, көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік берер болса, екіншіден, саяси коммуникацияға, мемлекеттік басқаруға араласуға төте жол іспеттес. Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде өндіріс бөлімінің жетекшісі болып жұмыс істейтін Нұрлан Бимұратов – праймеризге тіркелуге үмітті теміржолшы жастардың бірі. Ол өз бағдарламасын аталған өңірдің әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне арнап отыр.

Мәселен, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты жою, жастардың аймақта қалып, білікті маман болып қалыптасуын қамтамасыз ету сынды тағысын тағы мәселелер Нұрланның көкейінде жүрген мәселелер екен. Праймеризге маңғыстаулық теміржолшы жастар да белсенді қатысуды көздеп отыр.

Еске салып өтерлігі, праймериз қорытындысы 3 қазанда шығады. Праймеризге қатысушы жастарға ел игілігіне және болашағына бағытталған тың ой, батыл қадамдарыңыз болсын, әділдік жолында ар-намысқа жүгініңіздер демекпіз.

Ал теміржолшылар үкілеп бәйгеге қосқан жүйріктерге қолдау көрсетеріне сенеміз. 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды