Вагон-мейрамханалар жұмысы жанданады

Жаңалықтар
28.08.2020, 10:56
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Карантиндік шектеу шараларының кезеңкезеңімен жұмсартылуы пойыздағы вагон-мейрамханалар қызметіне де келіп жетті. Осы аптадан бастап Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында олардың қызметі қайта жанданбақ.

Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабұловтың қаулысына сәйкес мұндай вагондардағы орындардың тек 50 пайызы ғана адаммен толтырылып, олар әлеуметтік арақашықтықты сақтап отыру керек. Сонымен қатар вагон-мейрамханада жолаушылардың алдын ала тапсырыс беруімен тамақтарды купелеріне жеткізіп беру қызметі қарастырылады. Бұл қауіпсіз әрі тиімді сервистік қызмет көрсету болмақ.

– Бұл ретте тамақтану орнының персоналы міндетті түрде маска және арнайы бір реттік қолғап киіп жүруі керек. Күн сайын ауысым алдында термометрмен қызуы тексеріліп, жұмысқа шығар алдында бойында вирус бар-жоқтығын тексертіп отыруы қажет болады. Мейрамханада санитарлық-зарарсыздандыру режимі қатаң сақталып, дайын тағамдар тапсырыс берген жолаушыларға арнайы беті жабық ыдыстарға салып апаруы талап етіледі, – дейді бас дәрігер.

Сонымен қатар егер бетперде тағып және араларына 1 метрден кем емес қашықтық салуды сақтаған жағдайда жолаушылар вагондар арасында еркін жүре берсе болады. Ал коронавирус бойынша басқа шектеу шаралары өз күшінде қалады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды