Арсен Байзақ, Шу
Өндіріске саяхат
Оқуға 1 мин
Шу машиналандырылған жол дистанциясына жастардың арнайы экскурсиясы ұйымдастырылды.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен болған шараның көздеген мақсаты жастар арасында қоғамдық саяси жағдайды анықтау болып отыр. Іс-шараны ұйымдастырушылар жастар арасында мамандық таңдауға қолғабыс ету, еңбек жастарының беделін көтеруді мұрат етіпті. Дистанцияның инженер-технологы Е.Сайлауов жас қонақтарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, машиналардың түрлері, атқаратын қызметі туралы ақпарат беріп, бейне-ролик көрсетілді. Сондай-ақ, болат жолдың бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау, белгіленген белгілерді ажырату тәртіптері де түсіндірілді.