Алматы – Шу: Президенттік старт!

Жаңалықтар
09.12.2016, 11:44
«Нұрлы жол»  бағдарламасы бойынша Алматы-1 – Шу теміржол желісінде екінші жол құрылысын жүргізген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірінші іске қосу кешенін аяқтады. Телекөпірде Елбасы телімде пойыздар қозғалысын бастауға пәрмен берді. Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыхалықтық телекөпірде Назарбаев атқарылған жұмысты жоғары бағалады. Елбасы бүгінгі таңда, көліктік бағдарлардың ғаламдық бәсекелестігі жағдайында бұл өте маңызды екенін, шешуші көліктік торап болу үшін Қазақстанда бүгінде  барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқанын жеткізді. –«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көліктік нысандар біз үшін өте маңызды. Алматы – Шу бағытындығы екінші жол телімде пойыздарды өткізуді екі есеге көбейтеді, біз бұл жобаны баяғыда көздедік, бірақ қаражат болмады. Бүгін, міне жүзеге асырдық! – деді Елбасы көпшілікті маңызды жобаның пайдалануға берілуімен құттықтап. – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалының директоры Съезбек Алишев Алматы-1 – Шу теміржол желісінде екінші жол құрылысының бірінші іске қосу кешенін аяқтағанын мәлім етті. Алматыдан Шуға дейін магистраль бойында екінші жол он учаскеде төселген, барлығы 54 км құрайды, су өткізетін құбырлар мен көпірлер сынды жасанды имараттар салынып, стрелка бұрмалары орнатылған, СОБ және байланыс құрылғылары, электр желілері жүргізілген. Құрылыс барысында негізінен қазақстандық материалдар пайдаланылғанын айта кеткен жөн. –Ең алдымен, Ақтөбе рельсарқалық зауыты шығарған отандық өндірістен шыққан рельстер төселді. Сонымен қатар станциялық жолдар ұзындығын тиімді  пайдаланып, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі стрелка бұрмалары орнатылды. Су жаңа, зауыттан шыққан шпалдар салынды, – деп мәлімет берді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Қайрат Сәуірбаев. Құрылыс қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Теміржолшылар мен құрылысшылардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, асқан ұйымшылдықпен еңбектенуі арқасында жүзеге асқан құрылыс қарқынын алғашқы күннен бастап қадағалап келе жатқан ардагер теміржолшы Қалтай Сәмбетов телімде техникалық «толаскездер» пойыздар қозғалысынан бос кездерде өте сауатты жүргізілгенін, сонымен қатар қарқынды құрылыс жүріп жатқан жолда қозғалыс қауіпсіздігі қатаң сақталғанын айта кетті. Ардагер талай жыл теміржолшылардың арманы болған маңызды жобаны жүзеге асыру Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың темір жол көлігінің дамуына тұрақты көңіл бөліп, қолдау білдіріп отыруының арқасы деп бағалайтынын білдірді. –Тәуелсіз Қазақстаныммен, мемлекет үшін маңызды темір жол көлігіне ұдайы қолдау жасап келе жатқан Ұлт көшбасшысы, Президентіммен мақтанамын. Қазақстанның темір жолы бүгінде аса қуатты, әлемдік көліктік кешеннің алғашқы ондығына кіреді. Бізді әлем таниды және мойындайды, себебі Қазақстан шығысты бастыспен, солтүстікті оңтүстікпен байланыстыратын қуатты көлік дәлізі болып табылады, – деп қуанышымен бөлісті Қалтай Сәмбетұлы.             Салтанатты шараға қатысушылар бірауыздан бағзы заманда осы жерден өткен Ұлы Жібек жолы болат жолдар болып қайта жаңғырғанын мойындады. Және бұл темір табанды болат жолдар заман ағымына сай ұдайы жаңғырып, жаңарып, қуаттылығын арттыра түсуде. Міне, бүгін жүк тасымалының артуына байланысты екінші жол салу қажеттілігі туындап отыр. Шығыстан Еуропа мен Азияға қазақстандық темір жол өткелдері – Алтынкөл және Достық шекаралық станциялары арқылы транзиттік жүктер легі жылдан жылға толассыз ағылып келеді. Контейнерлік пойыздар Германия, Австрия, Испания, Орта Азия, Иран, әрі қарай Парсы шығанағы бағдарымен сапар шегуде. – Алматы – Шу телімінде жүк және жолаушы тасымалының қозғалысы аса қарқынды.  Бір жол көп жағдайда қолайсыздық тудыратын. Енді екінші жолдың пайдалануға берілуімен телімде жүк айналысы 3 есеге дейін артып, соған сай жолдағы уақыт та қысқарады, екі жолда қатар қозғалыс ұйымдастырылады.  Жолаушы пойыздарында да солай, екі жолда қатар жүретін болады. «Тальго» пойызының максимальды жылдамдығы 160 км/сағ дейін өссе, жүк пойыздарының жылдамдығы 120 км/сағ дейін артатын болады, – деген Алматы бөлімшесінің бастығы С. Әлішевтің пікірімен жамбылдық әріптесі – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖК Жамбыл бөлімшесі» филиалының  бастығы Берік Ақшалов та қостады.       Екінші жол құрылысымен жол бойындағы жекелеген жол айырықтары қосымша даму мүмкіндігіне ие болмақ. Атап айтқанда, Қазыбек-бек болашақта өте маңызды станцияға айналмақ, Жетіген – Қазыбек-бек айналма жолының жобалық-сметалық құжаты да дайын көрінеді. Бүгінгі құрылыс болашақта осы даму мүмкіндігін ескерген. Айта кетейік, Алматы – Шу теліміндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бас мердігерлер «Компания Жол жөндеуші» ЖШС мен «Теміржол жөндеу» ЖШС жұмысты бір күн де тоқтатпақ емес. –Бүгіннен бастап екінші пайдалануға беру кешені бойынша нысандар құрылысын бастаймыз. Жаңа жолмен қозғалыс жүре береді, ал біздің жұмыс бір сәт те тоқтамайды, – деп сендірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ күрделі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының Алматы-1 – Шу телімінде екінші жол құрылысы бойынша басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов. Жаңа жолдың барқыттай жұмсақ та жайлылығы мен құрылысшылар жұмысының бағасын алғашқы жүрдек пойыздың машинистері мен жолаушылары да берді. Елбасы пәрменімен ашылған  Алматы – Шу телімінің  екінші жолымен алғаш сапарға шыққан жүрдек пойыз – талайдан айтылып жүрген, отандық өндірісте жасалған кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыз болды. 14 жылдан бері Алматы локомотив пайдалану депосының  жоғары класты тәжірибелі машинисі Әсет Құсайынов ерекше вагондардан құралған ерекше пойызды су жаңа жолмен алып жүретініне аса бақытты екенін бал-бұл жанған қуанышты жүзінен байқауға болатын еді.  – Жаңа жол барқыттай жұмсақ, ал онымен жүретін пойыздардың жүрісі қауырсындай жеңіл болсын! – деп тілек тіледі жаңа жолмен Алматыдан Астанаға жол тартқан жүрдек пойызды шығарып салған көпшілік.

Ирина Бектиярова,

Алматы-Шу

Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді