ҚҰРЫҚ ПОРТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жаңалықтар
12.12.2016, 11:03
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру: орнықты даму мен прогресс үшін» атты жалпыұлттық телекөпірде онлайн-режимінде тұсауы кесілген ірілі-ұсақты 23 өндірістің бірі – Маңғыстаудағы Каспий теңізінің жағалауында бой көтерген Құрық порты. Құрық паромды кешені құрылысының алғашқы кезеңінің аяқталып, іске қосылуы түбек халқы көптен күткен қуаныш еді.  Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы – Ақтау порты болса, міне оған екінші портты айлақ – Құрық кешені қосылып отыр. Бұл күні Паромды кешеннен  алғашқы жүк көлігі Бакуға аттанды. Салтанатты шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері Бауыржан Орынбасаров,  «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Гаджи Гаджиев, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Абай Түрікпенбаев, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев және түбек темір жолының қалың теміржолшылары,  басқа да жергілікті халық, сала  ардагерлері  қатысты.  Телекөпір барысында еліміздің барлық аймақтарынан 23 кәсіпорын тікелей байланысқа шықты. Құрықтан «Құрық порты» ЖШС-ның бас директоры Абай Түрікпенбаев байланысқа шығып, жағдайды баян етті: – Құрық портындағы паромды кешен Транскаспий халықаралық дәлізі көлік-логистикалық жүйесінің маңызды буыны болып табылады. Біз темір жол және порт инфрақұрылымын салуды аяқтадық және бүгін бірінші темір жол құрамын тиеуге дайынбыз. Құрметті Елбасы! Құрық портын іске қосып, паромға вагондарды тиеу жұмыстарын бастауға рұқсат етіңіз! – деді ол.  Құрық паромының маңызы мен экономикалық тиімділігін сөз еткен Елбасы жұмысты бастауға рұқсат берді. Сондай-ақ, ол  «Құрық» кешенді паромдық порты Аспанасты елінен Батыс Еуропаға жол тартатын жүк керуендерін Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Түркия арқылы көзделген мемлекеттерге жеткізуге септесетіндігін айтып өтті. Себебі, бүгінгі күнде жүкті жөнелтіп, қабылдауда барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып отырған «Ақтау» порты қазіргі транзиттік тауар ағынын игеруге мұршасы болмай отырған көрінеді. Сол себептен, Құрық портының салынуы еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттыра түседі екен. Демек, кешенді «Құрық» паромдық порты Қытай мен Еуропа арасында жасалып жатқан жаңа транзиттік дәліздің маңызды орталығының бірі болады. Жалпыұлттық телекөпірде басқа да ірі нысандардың таныстырылымы өтіп, Индустрияландыру картасының  айтулы жобалары, мысалы, Теміртауда жаңартылған домна пеші, Алматыда аяқ киім өндірісі іске қосылды. Бұған қоса, отандық тағам өндірісінің қатары батыстағы қара уылдырық пен бекіре шығаратын кәсіпорынмен, Қостанайдағы «Баян Сұлу» кондитер фабрикасымен, солтүстіктегі май дақылдарын қайта өңдейтін «Тайынша-май» кәсіпорындарымен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік мерекесіне орай іске қосылып отырған осынау нысандардың өте маңызды екенін айтып, отандық жеңіл өнеркәсіпті әрқашан қолдау керектігін қаперге салды. Айта кетейік, индустрияландырудың бірінші кезеңінде Маңғыстауда жалпы инвестиция көлемі 218 млрд 800 миллион теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асқан. Жалпы, Қазақстанда индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 179 жаңа өндіріс орны ашылған. Ал, аталмыш паром кешенінің құны 32,1 млрд теңгені құрайды екен.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады