Теміржолшы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды

Жаңалықтар
09.07.2021, 09:32
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорда күні қарсаңындағы демалыс күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық саясат департаментінің бас менеджері Данияр Зият Серікұлы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды. Осылайша, ұлттық компания қызметкерлері үшін басты ұстаным болып саналатын корпоративтік құндылықтарды бойына сіңірген теміржолшы жігіт ерлік жасап, өз ісімен көпке үлгі болды. Шымкент қаласының тумасы Данияр Серікұлы теміржол саласында жоғары білім алған соң еңбек жолын 2009 жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының «Экспресс» филиалында бірінші санатты техник болып бастаған. Содан бері 12 жыл ішінде ол осы компанияда еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда жұмысын елордадағы бас ғимаратта жалғастыруда. железнодорожник спасНегізгі міндеті – пойыздардың отынмен жабдықталуы, оларды үнемдеу, жолаушылар пойыздарын қысқы және жазғы мезгілге дайындау, шаруашылықты әзірлеу, сол бағытта дайындықты тексеру, т.т. Салаға сіңірген еңбегі үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Жолаушы тасымалы» АҚ басшылығы тарапынан бірнеше рет Құрмет грамоталарына ие болған, «Үздік маман» атағын иеленген. Сол күнгі оқиғаға оралсақ, Есіл жағалауында кішкентай екі қызымен серуендеп жүрген Данияр көпір үстінен төменде 13-14 жастағы екі қыздың суға батып бара жатқанын көріп, ойланбастан оларды құтқаруға жүгіреді. – Бұл қыздар өзеннің жиегі бірден тік құлама тұсында «Тик-ток» түсірмекші болған екен. Сол кезде жағасында саздан аяқтары тайып, әуелі біреуі құлаған. Оны құтқарам деп екіншісі түскен. Мен жүгіре жетіп, суға киіммен күмп бердім. Су аяқ тимейтін терең екенін бірден сездім. Оларды құтқару да едәуір қиындық келтірді. Олар бір-біріне жабысып алған. Тек судың бетінде қолдары ғана шығып батып барады. Дереу екеуін жағаға қарай сүйрей бастадым, әбден үрейленіп, менің өзімді басып жатыр. Сосын судың астымен сүңгіп, екеуін 5-6 рет қатты екпінмен жағаға қарай итердім. Арасында жоғары шығып ауа жұтып алдым. Жағаға жақындағанда сол жерде жүрген жұмысшылар да көмекке келіп, тартып алды. Әбден шаршап болдырсам да бәрі сәтті аяқталғанына қуандым, – дейді Данияр. Данияр Зият СерікұлыСол жерде қыздарға алғашқы көмек көрсетіліп, барлық қызметтер жиналады. Бір қызығы, екі қыздың да ата-анасы теміржолда қызмет ететін болып шықты. Олар Даниярға зор алғысын білдіріп, қыздарын аман алып қалған теміржолшының бұл ерлігі елеусіз қалмай, марапатқа ұсынылса дейді. Несі бар, бейбіт күннің батыры деп осындай жандарды айтса жарасады. Даниярдың бұл ерлігі теміржол компаниясы тарапынан ерекше бағаланып, ол туралы бейнеролик дайындалмақ.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды