Оралда ер адамды поезд қақты
Оқуға 1 мин
11 шілдеде Орал стансасының аумағында локомотив машинисі пойыз маневрін жасап жатқан кезде вагон астынан велосипедпен өтіп бара жатқан ер азаматты байқап, пойызды жедел тоқтатты.
Қауіп-қатерден сақтанудың бар амалы жасалғанымен ауыр жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. 1980 жылы туған зардап шеккен жігітке «жедел жәрдем» шақыртылды.
Екі аяғынан қатты жарақат алған ол көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.
Бұл жайсыз оқиға туралы теміржолшылар дереу Орал стансасының ЖІІБ хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын-ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен азамат теміржолдан өту ережесін бұзған.