Таяуда тағайындалған ҚТЖ басшысының 1-ші орынбасары елордадағы нысандарға барды

Жаңалықтар
10.08.2021, 15:41
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары Әнуар Ахметжанов астаналық станция, вагон пайдалану және локомотив депосы жұмысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Теміржол нысандарына жұмыс сапары қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды. Аталған құрылымдық бөлімшелердің бизнес-процестерімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов таныстырды. Алдымен ат басын астаналық станцияға бұрды. Нұр-Сұлтан станциясы – елдің бас қаласын барлық өңірлермен байланыстыратын кластан тыс ірі сұрыптау станциясы. Ол арқылы ТМД, Еуропа және Азия елдері арасында жүк жеткізетін негізгі транзиттік дәліздер өтеді. Әнуар Ахметжанов дөңестік орталықтандыру бекетінің, станциялық технологиялық орталықтың, тауарлық кассаның, бағыттамалар мен белгі беруші электрлік орталықтандыру бекетінің жұмыс технологиясымен танысты. Бұдан кейін ол вагон депосына қарасты техникалық тексеру пунктінің өндірістік цехтарын аралап, жылжымалы құрамды деполық жөндеуден өткізу процесімен танысты. Локомотив депосында топ- менеджерге пойыздардың тартымына жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстардың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік беретін «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесінің қызметі көрсетілді. Астаналық депода жұмыс істейтін 650-ден астам машинист пен машинист көмекшілері төрт бағытта, Нұр-Сұлтан – Есіл, Нұр-Сұлтан – Көкшетау, Нұр-Сұлтан – Екібастұз, Нұр-Сұлтан – Қарағанды бойынша жүктер мен жолаушыларды жеткізіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды