Халықаралық конференцияда еліміздің көлік, транзиттік әлеуетінің жетістігі мен келешегі сараланды

Жаңалықтар
01.10.2021, 09:59
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде онлайн-режимде өткен «Қазақстанның көлік әлеуеті: бастаулары мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елімізге ғана емес, халықаралық аренада танымал тұлға, көрнекті мемлекет қайраткері Нығметжан Есенғариннің 80 жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Конференцияның бірінші бөлімі Нығметжан Қабатайұлының еңбек жолы, еліміздің экономикасын, көлік саласын, соның ішінде теміржол көлігі саласын дамытуға қосқан ұшан-теңіз еңбегі мен ғылыми шығармашылығына арналды. Маңызды шараға онлайн-режимде 3000-нан астам көрермен қатысып, елдің түкпір-түкпірінен теміржол саласының еңбеккерлері, зейнеткерлері әлеуметтік желі арқылы ізгі тілектерін жолдап, сондай-ақ, офлайн жиынға мерейтой иесінің жақын достары, еңбек жолында үзеңгілес болған әріптестері қатысып, Нығметжан Есенғаринмен жұмыс істеген жылдарынан, оның теміржолды дамытуға қосқан үлесі, игі бастамалары туралы естеліктерімен бөлісті. Нығметжан Есенғариннің шығармашылық қоржынында 300-ден астам кітап, 400-ден астам публицистикалық мақалалар бар. Практикалық еңбекті теориямен ұштастырып, ғылым жолында да үнемі ізденісте болған бірегей тұлғаның еңбегі жоғары бағаланып, оған ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі атағы берілді.

ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗДІ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Халықаралық ғылыми-практикалық кон- ференцияның шеңберінде Трансеуразиялық көлік бағдарлары бәсекелестігінің өсуі жағдайында Қазақстан арқылы транзиттік дәліздерді дамыту сессиясы өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «KTZ Express» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Игембаев, ұйымдастырылған пойыздарда контейнерлік тасымалдауды дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін іске асырудың стратегиялық мақсаты болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттің 88%-ын Қытай – Еуропа – Қытай бағыты құрап отыр. Мәселен, биылғы жылдың 8 айында осы бағыт бойынша шамамен 438 мың ЖФЭ тасымалданған, бұл өткен жыл- дың осы кезеңімен салыстырғанда 41%-ға артық болып отыр екен. Ал жалпы 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 712 мыңнан астам ЖФЭ құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 32%-ға жетіп жығылған. Бұйыртса, осы жылдың соңында бұл көлемді бір миллион ЖФЭ контейнерге жеткізу межеленген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ерекше көңіл бөліп отырған келесі бір транзиттік көлік дәлізі – ол Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары. Бұл бағдар бойынша жыл басынан бері 9,1 мың ЖФЭ тасымалданған. Осылайша, тасымал көлемі өткен жылға қарағанда 98% өскен. Шын мәнінде, бұл Әзербайжан, Грузия, Түркияны байланыстырып отырған, бірақ теңіз порттары арқылы жүктердің бірнеше рет түсіріліп тиелуін талап ететін күрделі мультимодальды бағдар болып табылады. Соған қарамастан бұл бағдарда тасымалдың күрт өскені байқалады. Мамандар, оған басты себеп ретінде аталған бағыт бойынша арнайы тарифтік шарттардың ұсынылуы, тасымалдардың ұлғаюына алғышарт болып отырғанын айтады.

ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕТІГІ

Конференция аясында болған екінші сессия, Цифрландыру теміржол көлігінің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың басты факторы тақырыбына арналды. Бұл сессияға «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев жетекшілік ете отырып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «Цифрлық трансформация» бағдарламасы шеңберінде өндірістік процестерге сандық жүйе технологияларын біртіндеп енгізіп жатқанын атап өтті. Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы13 стратегиялық бастамадан тұратынын және оған 16 жоба мен 44 іс-шара кіретінін айтар едік. Жалпы бағдарлама Ұлттық компанияның бағасын арттыру және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтерумен қатар, бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру есебінен іргелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағыттала отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі Даму бағдарламасында белгіленген бірқатар мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқаратын «KTZ Express» АҚ аталған бағдарламадағы 13 бастаманың екеуін жүзеге асырады. Олар «Транзиттік тасымалды ұлғайту» және «Логистиканы» дамыту бастамалары болып отыр. «Транзиттік тасымалды ұлғайту» бастамасы шеңберінде екі жоба қарастырылған. Оның бірі транзиттік тасымалды ұлғайту және олардан түсетін кірісті көбейтуге негізделсе, екіншісі, «Контейнерлік ағын технологиясын енгізу бойынша жоба алдындағы тексеру» жобасы, – дейді аталған компанияның бас инженері Серік Төлебаев. Оның айтуынша, «Логистиканы дамыту» бастамасы бойынша «LCL-тасымалды дамыту»; «Логистикалық аутсорсинг қызметтерін дамытудың пайдалылығы бойынша жобалау алдындағы зерттеу»; «Қойма логистикасы қызметтерін енгізудің пайдалылығы бойынша жобалау алдындағы зерттеу» жобалары жүзеге асырылуда екен. Ол сондай-ақ, «KTZ Express» АҚ ақпараттық жүйелері өзара интеграцияланғанын, яғни біріздендірілгенін атап өтті. Мультимодальды логистикалық шешім- дердегі бірыңғай электронды құжаттар қатарына Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қызметінің серпілісі және бірқатар проблемалардың практикалық шешімі болып табылған ЦИМ/СМГС теміржол жүкқұжатының әзірленуін атар едік. Бұл жүкқұжатты қолдану –тасымалдау құжаттарын қайта ресімдемей тасымалдарды жүзеге асыруға, жүктерді жеткізу мерзімдерін жеделдетуге, сонымен қатар жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелерін жетілдіруге және сол арқылы тасымалдардың қосымша көлемдерін тарту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беріп отыр. ТЖЫҰ-ның бірқатар елдері оны транзиттік кедендік декларация ретінде қолдануда. ЦИМ/СМГС жүкқұжатын қолдану нәтижесінде кейбір халықаралық тасымалдар, мәселен, Чехиядан Ресейге «Фольксваген», «Шкода» автомобильдерін; ал Франциядан Ресейге «Пежо» маркалы автомобильді құрастыру үшін автоқұрамдаушы тасымалдар; Германиядан Ресейге «Фольксваген» концернінің контейнерлік жүктерінің және Чехиядан Қазақстанға контейнерлік тасымалдардың саны ұлғайған. Бүгінгі таңда ТЖЫҰ-ға мүше елдердің теміржол компаниялары 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ЦИМ/СМГС жүкқұжатының электрондық нұсқасының күшіне енуіне байланысты Қытай – Еуропа бағытында және кері бағытта контейнерлердің трансшекаралық тасымалын жүзеге асыру үшін негіз ретінде ЦИМ/СМГС жүкқұжатының электрондық нұсқасын пайдалану бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп жатқанын айтар едік.

Жүк тасымалы
02.12.2025
ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау 287,8 млн тоннаға жетті
Жаңалықтар
02.12.2025
Өзара сенім мен ынтымақтастық жолында
Сұхбат
02.12.2025
Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру
Жүк тасымалы
02.12.2025
Аустрия әлеуетті әріптеске айналады
Қауіпсіздік
02.12.2025
Айыппұлмен шектелу жеткіліксіз
Жаңалықтар
02.12.2025
Ақтау порты Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауына ие болды
Қауіпсіздік
02.12.2025
«Өртке оранған» тепловоз
Жаңалықтар / Мұрағат
02.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №100 02 желтоқсан 2025 жыл
Жаңалықтар
01.12.2025
«Жыл машинисі» байқауы мәреге жетті
Жаңалықтар
01.12.2025
Теміржолшылар еңбекті қорғауды бизнес-процестерге интеграциялау мәселелерін талқылады
Әлеумет
01.12.2025
Жастардың жанды бастамасы
Аймақтар
01.12.2025
Болашақ теміржолшылармен кездесті
Жаңалықтар
01.12.2025
ҚТЖ-да «е-Өтініш» жүйесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша оқыту өтті
Жолаушылар тасымалы
30.11.2025
ҚТЖ «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңа вагондарды жолға шығарды
Жүк тасымалы / Апта саны
28.11.2025
Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесіне 25-тен аса швейцариялық компания қатысты
Жүк тасымалы
28.11.2025
Қостанайда астықты теміржол көлігімен тасымалдау 20% өсті
Жаңалықтар
28.11.2025
Достық және Алтынкөл станцияларының қызметкерлері ҚХР-да өткен семинарға қатысты
Сұхбат
28.11.2025
Қауіпсіздікті күшейтуге күш салудамыз
Аймақтар
28.11.2025
Қостанай өңірінде контейнерлік пойыздарды ресімдеудің ашық тәртібі енгізілді