Ұлан ОРАЗ
Ресми делдалы болу мүмкіндігі бар
Оқуға 1 мин
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру шараларына «Жолаушылар тасымалы» АҚ белсенді атсалысып жатыр. Атап айтқанда, теміржол кассалары мен интернет ресурстар арқылы ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін сатуды ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Көрмеге билеттерді сатудың ресми делдалы болуын «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен қарастырып жатыр. Мәселен, 1 170 миллион теңгеге 500 мың билет сатып алынатын көлем келісімі жасалды. ЭКСПО билеттерін сатудың бірнеше жолы қарастырылды, соның ішінде ЭКСПО билеттерін жолаушыларға (ерікті түрде) жеке пойыздарына билет сатып алу кезінде қосымша қызметтер есебінде сату, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» дисконт карталарын «Тұлпар-Тальго» пойыздарына енгізу, бұл жағдайда аталған пойызға билет алғандар сол билет арқылы көрмеге тегін қатыса алады.
–Былтыр 9 желтоқсан айында аталған акционерлік қоғам мен «Kassir Kazakhstan» ЖШС билет операторы арасында келісімшартқа қол қойылды. Бүгінде ұйымдастыру және бағдарламалық-техникалық шаралар жүргізілуде, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Н. Қилыбай.
Соған қоса, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде компания Амадеуспен бірге желтоқсан айының басында жолаушылар билеттерін Еуропа, Үндістан, Грузия елдеріне сату жобасын жүзеге асырды. Бүгінде Қытай мен Түркияға билет сатуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.