Гауһар және оның командасы
Қазығұрт станциясы арқылы күн сайын бес бағыттан жиырма, кейде одан көп құрам өтетіндіктен, техникалық кеңсе операторлары тәулігіне 1700-ге жуық вагонның құжатын «сүзгіден» өткізеді.
Аймақтағы станция басшылары «қазір пойыз былай тұрсын, әр вагонның құжаты бар. Соның өзі кеңседегі мамандардың едәуір уақытын алады» дейді. Расында, мұндағы күндізгі және түнгі ауысымға түсетін 9 маманның күнұзақ жұмысы қағаз кемірумен өтеді. Әр вагонның құжатын компьютер арқылы тексеріп, қайта тіркеп, уақытында жөнелту шапшаң әрі төзімді теміржолшылардың ғана қолынан келсе керек.
– Бір тәулікте Текесу, Арыс, Шымкент, Қызылсай, Леңгір бағыттарынан келетін әр вагонның құжатын қарағанда бар зейінді жұмысқа салып, уақытылы тапсыруға тырысамыз. Маман жетіспейді, кейде үлгермей қаламыз. Қыз-келіншектерге физикалық және психологиялық күш түседі... Әр құжатқа жіті көңіл бөлмесе болмайды, өйткені кейде қағазда жүк алпыс тонна деп көрсетілсе, компьютермен тексергенде 59 тонна болып жазылуы мүмкін. Қысқасы, техникалық кеңсені құжат айналымының қайнаған ортасы деуге болады. Күн сайын есептейтін ситуатор маманы бөлімшедегі басшылыққа вагондардың есебін береді, – дейді техникалық кеңсенің бастығы Гауһар Рахметова.
Вагон құжаты дегенде тек нөмірін қарап шығу емес, оған қанша жүк артылғаны, ол қайда баратынын жазу тағы бар. Кей вагондарда түрлі құрама заттар келеді. Мұның арасында вагондарды жуып, булайтын ППС станциясына барарда қай вагонның қандай жүктен босағаны, соңғы рет қай станцияда тұрғаны, егжей-тегжейлі жазылады. Өнім артып келген вагондардың қайтадан құжаттары реттеліп, баратын бағыттарына сұрыпталады. Сайрам сатнциясында жүк сақтауға арналған бірнеше қойма жұмыс істейтіндіктен, қоймаға қойылатын және одан шығып аймақтарға таралатын жүктер осы бекет арқылы жан-жақа кетеді. Арасында экспортқа баратын вагондардың ішіндегі жинақталған жүктер де тексеріледі. Жазып отырып-ақ жаңылып кететіндейміз, ал мұнда еңбек өтілі ең азы 25 жыл тер төгіп келген теміржолшы әйелдердің күнделікті тіршілігі осылай өтеді екен. Техника болған соң арасында ақауы да кездеседі. Ондайда вагонға акт жазылып, ақауын дәлелдейтін қағазымен бірге тіркеліп, кассада құжатты дайындайтын келесі маманға өткізеді. Гауһар Баймұратқызына бұл кеңсені басқару 2007 жылы тапсырылған. Оған дейін аға операторға дейінгі баспалдақтың бәрінен өткен. Жауапты да күрделі міндетті мүлткісіз атқарып отырған Қазығұрттың техкеңсесін былайғы жұрт бір ауыз сөзбен Гаухардың қыздары енмесе «Гауһардың командасы» дейді екен әзіл-шыны аралас.
Бекалы Алтын, Қазығұрт
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл