Пойыз кестесі өзгерді

Жолаушылар тасымалы
17.01.2022, 15:26
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Елдегі төтенше жағдайға байланысты теміржол арқылы қатынайтын жолаушылардың діттеген жеріне жетуі қиындады. Себебі, 5 қаңтардан бері 23.00 сағаттан таңғы сағат 7.00-ге дейін көше қозғалысына шектеу қойылған.

Атырау теміржол станциясына тəулігіне 4 жолаушы пойызы келіп-кетеді. Ең қиыны – «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының келу уақыты – таңғы сағат 5-те. Коменданттық сағатты бұзбау үшін жолаушылар вокзалға түнеуге мәжбүр. Бұл жағдай таңсәріде пойыздан түсетін жолаушылар үшін қолайсыздық туғызғаны рас. Бұған қоса, облыс орталығынан «Теңіз» кенішіне қатынайтын мұнайшылар да көп уақытын жолда жоғалтатынын айтып шағымданған болатын. Осыған орай, Атырау теміржол бөлімшесі мекемесі жергілікті билікпен бірлесіп, пойыз қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізіпті.

– Қазір Атырау теміржол вокзалының қызметі бірқалыпты жұмыс ырғағына түсті. Жолаушылар пойызының келіп-кетуі кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Ал, «Теңіз» кенішіне қатынайтын «Атырау-Құлсары» пойызы бұған дейін таңғы 06 сағат 30 минутта жүрсе, коменданттық сағат енгізілуіне байланысты қозғалу уақыты сағат 09.00-ге ауыстырылды, – дейді Атырау магистральдық желісі бөлімшесі директорының орынбасары Жəнібек Жөнтүрбаев.

Сондай-ақ, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, коменданттық сағат талабына сәйкес, Атырау қаласына түнгі мезгілде келетін жолаушылар арнайы автобустармен тасымалданады. «Жолаушыларды теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандарына, шаһар маңында орналасқан елдімекендерге жеткізу үшін 10 автобус тасымалы ұйымдастырылып отыр», – делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Қосұйым Мұқашев

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды