25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

«Қала маңы тасымалы» былтыр шамамен 2 млн астам жолаушыға қызмет көрсеткен

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда қала маңы тасымалы – халық арасында көліктің ең сұранысқа ие танымал түрі, солай болып қала да береді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалы» филиалының директоры Сұлтан Табынбаев осы бағыттағы жұмыстар туралы баяндап берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінгі таңда аталған филиал 59 бағдарда жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Соның ішінде 7 бағдар бойынша тапсырыс беруші – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, бұл пойыздар облыстар арасында қатынайды. Мәселен, Нұр-Сұлтан станциясынан шығатын электр пойыздар құрамын филиал толық қамтамасыз етеді, атап айтқанда Павлодар, Көкшетау, Атбасар, Қарағанды қалаларына дейінгі барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы қажеттілігін өтеп отыр.

– Жергілікті атқарушы органдар, яғни 6 облыс әкімдігінің тапсырысымен біз 21 әлеуметтік маңызды бағытта жолаушылар тасымалдаймыз. Бәрі де сол облыстар ішінде, сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша теміржол көлігі қызметкерлерін тасымалдауға 36 бағдар ұйымдастырылған. Алайда, бір айта кетерлігі, бұл пойыздарға шалғай станция, бекеттердегі тұрғындар да билет алып, отыра алады. Бізде сонымен қатар мұнай-газ саласы қызметкерлерін таситын екі коммерциялық бағдар бар: «Атырау-Мақат-Құлсары» және «Атырау -Мақат-Мұқыр» пойыздары. Міне, осы жергілікті пойыздардың үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз ету – біздің кәсіпорынның негізгі міндеті, – дейді Сұлтан Табынбаев.

Соңғы екі жылда ел экономикасы және бірқатар салалар, соның ішінде көлік саласы коронавирус пандемиясына байланысты сын-қатерге ұшырады. Егер 2019 жылы аталған филиал 3 460 486 жолаушы тасымалдаған болса, 2020 жылы ол іс жүзінде екі есе азайып, 1 799 149 жолаушыға түсті. 2021 жылы қайта жанданып, жолаушылар ағыны 2,2 млн адамнан асты. Биыл да артып келеді. Бір ғана Наурыз мейрамы кезінде филиал республика бойынша шамамен 58 мың жолаушыны тасымалдаған. Әрине, бұған ауа-райының қолайсыздығы, қарлы боранның кесірінен автожолдардың жабылып қалғаны да әсер етті. Мұндай жағдайлар қыс пен көктем айларында жиі болып тұрады. Сол себепті алдын ала шаралар қабылданып, электр пойыздарға қосымша вагондар қосылған, ауа-райы нашарлаған сол күндері жолда қалған жолаушының көбін қала маңы тасымалы жеткізген. 

– Жаз мезгілінде жолаушылар тасымалына әдеттегідей сұраныс артатыны сөзсіз. Еңбек демалысы басталар кезде, әсіресе, Бурабай, Балқаш, Алакөл курорттық аймақтар бағытындағы бағдарларға сұраныс күрт өседі. Мәселен, ұлттық туризмді дамыту және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін тапсырыс беруші – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге құрамы бес вагоннан тұратын №457/458 Семей-Жалаңашкөл- Достық және №459/460 Өскемен-Жалаңашкөл пойыздары ұйымдастырылды. 2021 жылы осы екі пойыздың құрамындағы вагондар саны 10-нан 15-ке дейін көбейтілді. Биыл құрамдар схемасын тағы 3 вагонға көбейту жоспарланып отыр, – деп тарқатты сөзін мекеме басшысы.

Айтуынша, бүгінде елорда аумағында жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін электр пойыздардың жұмыс паркінде 17 құрамда 123 вагон бар. Соның ішінде 15 құрамды филиал «Вагонсервис» АҚ-дан, ал 2 құрамды басқа жеке компаниядан жалға алады.

– Қала маңы тасымалын мотор вагонды жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан үлкен мән берілді. 2003-2016 жылдар аралығында ресейлік «Демихов машина құрастыру зауыты» ААҚ- дан 13 құрам – 106 вагон және 2 вагоннан тұратын бір құрам, Песа (Польша) өндірген дизель-рельсті пойыздар алынды. Электр пойыз құрамдары үшінші класты, заманауи дизайндағы, желдеткіш, кондиционер жүйелері, салон мен тамбурында бейнебақылау бар вагондардан жасақталған, – дейді С.Табынбаев.

Адамдардың қимыл-қозғалысы шектеулі топтарына қолайлы болу үшін елорданы Қарағанды, Көкшетау және Атбасармен байланыстыратын 4 электр пойызында мүмкіндігі шектеулі жандарды түсіріп-мінгізуге арналған көтергіштер орнатылып, арбада отыратын мүгедектерге арналған орындар бөлінген, олар қауіпсіздік белдіктері, арбаны бекіту құрылғылары, жолсерікті шақыру тетіктерімен қамтылған. Ал көзі нашар көретін жолаушылар үшін Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Филиал басшысы шешімін күткен мәселелерімен де бөлісті. Айтуынша, 2022 жылдың соңында 10 вагонның, келесі жылы 8 вагонның жарамдылық мерзімі бітеді. Осыған орай «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы тарапынан қазіргі таңда әлеуетті электр жылжымалы құрам өндірушілерді іздеу және оларды сатып алу жолдары қарастырылуда екен.

Әлеумет
25.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде