Атырау-Астрахан пойызы қайта жүре бастады

Жолаушылар тасымалы
22.04.2022, 10:04
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы келісімге сәйкес сәуірдің 20-нан бастап «Атырау-Астрахань» қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Пандемияға байланысты көршілес екі ел аралық шекара учаскесіндегі қозғалысты шектеу туралы шешімнің күші жойылды. Осыған дейін пойыз тек Қазақстан территориясында, шекараға дейін, яғни ең соңғы Дина Нұрпейісова станциясына дейін қатынап келген еді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімінің бастығы Әлмұқан Есқалиевтің айтуынша, №625-626 «Атырау-Астрахань» пойызы жергілікті уақыт бойынша 22-45-те Атыраудан аттанып, Астраханьға таңғы 8-де барады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, ал кері қарай тақ күндері жүреді. «Пойыз құрамында 7 вагон бар, оның төртеуі – Маңғыстаудан келе жатқан вагондар. Ал бізден 3 вагон: 1 купе, екі плацкарт вагон қосылады. Жолаушыларға қызмет көрсететін жолсеріктер саны 14-18 адам аралығында. Астраханьға қатынас тоқтаған кезде де бізде жұмыссыз отырған жолсерік болған жоқ, енді сол бұрынғы мамандар өз маршруттарына қуана-қуана қайта оралып жатқан жайы бар», – дейді телім бастығы.

Бірақ жолаушыларға пойызға мінудің өзіндік тәртібі бар екен. Коронавиурсқа қарсы егілмеген жолаушылар ПЦР-тест тапсыруы керек, оның мерзімі 72 сағаттан кем болмауы тиіс. Ал вакцинациядан өткендеріне 6 ай болмағандар үшін анықтама қажет емес. Пойыз жолда 11 станция, 16 разъезге тоқтайды.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды