Жаз кезінде шамамен 200 қосымша жолаушылар вагоны шығарылмақ

Жолаушылар тасымалы
10.06.2022, 10:10
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жазғы маусым – теміржол көлігін пайдаланатын жолаушылар нөпірінің көбейетін кезеңі. Осыған орай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ биылғы жаз маусымына 1200-ге жуық вагон дайындап іске қосса, бұдан бөлек орын жетіспеушілігі туындаған кезде қосылатын тағы 200-дей вагонды әзірлеп отыр.

Соның бірі, жақында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құрастырылған № 211/212 және № 453/454 «Алматы-2 – Достық» қатынасындағы екі жолаушылар пойызының тағайындалуы. Бұл құрамдар Алакөл бағытында қатынайтын болады. № 211/212 пойызының қатынау жиілігіне келсек, Алматы-2 станциясынан құрам Достық станциясы бағытында биыл 16 маусымнан 30 тамызға дейін жұп күндері жүретін болса. Достық станциясынан Алматыға пойыз 17 маусымнан 31 тамызға дейін тақ күндері қатынайды.

№453/454 пойызы Алматы-2 станциясынан осы жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады. Достық станциясынан Алматыға құрам 17 маусымнан 31 тамызға дейін дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүреді. Жоғарыда көрсетілген жолаушылар пойыздарының құрамында «Турист» класы бойынша 4 орындық купеден тұратын 12 вагон, «Бизнес» класында 2 орындық купеден тұратын 3 вагон, «Гранд» класында 2 орындық купеден тұратын 3 вагон бар. Әр купе жеке санитарлық тораппен және душпен жабдықталған.

Сонымен қатар, жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін пойызда кафе-вагон және мейрамхана-вагон бар. Барлық вагондар фильмдер, музыкалық клиптер, электронды кітаптарды көруге арналған мультимедиялық порталмен жабдықталған және де биодәретханалар мен ауа баптау жүйелері бар. Жалпы, жаңа пойызды қосқанда Алакөл бағытына 11 пойыз қарастырылған, оның ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ – 9, жеке тасымалдаушылар 2 пойыз шығарып отыр. Таратып айтсақ, Нұр-Сұлтаннан – 3 пойыз, Алматыдан – 5 пойыз, Шығыс Қазақстан облысынан – 1 пойыз, Абай облысынан – 1 пойыз, қаламаңы – 1 пойыз қатынайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын, яғни билеттерін BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. Орын болмаған жағдайда жолаушыларға темір жол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалану ұсынылады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды