Пандемияға байланысты жұмысын тоқтатқан Тәжікстан-Ресей бағытындағы темір жол қатынасы қайта іске қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Душанбе темір жол вокзалының әкімшілігі алғашқы пойыз сейсенбіде Кулябадан Волгоградқа бет алғанын мәлімдеді.

«Екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы пойыз 16 тамызда Тәжікстанның Куляба қаласынан Волгоградқа жолға шықты. Пойыз жұма күні жетеді», – деді әкімшілік өкілі.

Екі ел арасындағы темір жол қатынасы 2020 жылғы 17 наурызда тоқтап қалған. Бұған дейін оның 30 тамызда қайта жолға шығатыны айтылған, алайда ол екі апта бұрын іске қосылды.  

Тәжікстаннан шыққан бұл пойыз Ресейге дейін Өзбекстан мен Қазақстан халқын тасымалдау бойынша қызмет көрсетіп, жол жөнекей аялдамаларға тоқтап отырады.