Германиядағы DB Regio аймақтық жолаушылар тасымалы операторы дизельмен жүретін 57 пойызды бір күнде биоотынға көшірді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұлы пойыздар Баден-Вюртемберг бағытында қатынайды. Пойыздарды биоотынға көшіру дизельдік отынды пайдаланумен салыстырғанда көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 90%-ға азайтады. Осы мақсатта Ульм қаласының оңтүстігіндегі Аулендорф қаласындағы жанармай құю бекеті дизельден биоотынға ауыстырылды.

DB Regio қалдықтардан алынған, яғни гидротазаланған өсімдік майларына негізделген биоотынды пайдаланады. Олардың құрамында тамақ өнеркәсібінде немесе мал азығын жасау үшін қолданылатын пальма майы жоқ.